23 маусым мемлекеттік қызметшілер және полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне орай Отырар ауданында спартакиада болып өтті. Спорттық шараға қатысушылар арқан тарту, кір тасын көтеру және кіші футболдан орталық спорт кешенінде өзара кім мықтыны анықтады. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы Абай Құрман, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаевтар шараға қатысушыларды салауатты өмір – салатын қалыптастырып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей ел тұрғындарының кемінде отыз пайызын бұқаралық спортқа тартудың маңыздылығына тоқталып, жарыс ұйымдастырушыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.Яғни, бұл спартакиаданың бірден-бір мақсаты жарысқа қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеп, бұқаралық спортты дамыту болатын.Сайдың тасындай іріктелген сегіз команда спорттың үш түрінен кім мықтыны анықтау үшін өзара күш сынасуда. Жарыс түстен кейін өз мәресіне жетеді. Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
ЖҮГЕРІНІҢ «ОТЫРАР» ЖӘНЕ «ОҚСЫЗ» АТТЫ СОРТЫ БАР
Биылғы жылы Ө.Оспанов атындағы ғылыми-зерттеу инситуты ғалымдарының ғылыми негіздемесіне сәйкес ауданымызға инвесторлар тартып, Түркиялық «Biotek» компаниясымен жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, Түркиялық инвесторлар «Ақтөбе-Агро» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің 105 гектар жеріне жүгері дақылын еккен. Айта кету […]
Шетелдік туристерді Отырардағы этноауыл ерекше қызықтырады
Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысымының барлық аудан, қалаларында 1, 2 және 3 күндік туристік бағыттар жұмыс істеп жатыр. Олардың аясында тарихи-мәдени және табиғи 84 нысанды аралауға болатынын айта кеу керек. Сонымен қатар, туристік бағыттарға қосылған […]
Отырарлықтар жүгеріні терең өңдеуді қолға алмақ
Отырар ауданында өткен халықаралық далалық семинарында сөз алған Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми – зерттеу институтуның бас директоры Абдулла Сапарұлы еліміздегі топырақ деградациясы және олардың құнарлағын жоғарлатудың қазіргі заманғы әдістері жөнінде арнайы баяндама […]
Пікір қалдыру