Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылында «Тұт бауын өсіру және жібек шаруашылығын дамыту» тақырыбында мамандандырылған көшпелі семинар-кеңес өтті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары А.Қаныбековтың жетекшілігімен өткен іс-шараға ауыл шаруашылығы саласының мамандары, қаржы ұйымдарының өкілдері мен аудандардан жиналған шаруалар қатысты. Семинар кеңестің тәжірибелік бөлімі Ақбастау ауылындағы Домалақ ана кесенесі маңындағы тұт бауында жалғасты. Аталған бау облыс әкімінің бастамасымен жүзеге асқан «Шатқал» бағдарламасы аясында егілген. Баудың жалпы аумағы 55 гектарды құрайды. Оның 30 гектарына тұт ағашы, ал 25 гектарына шырша ағашы отырғызылған. Дәл осы бауда жеке шаруа Сұлтан Бакиров жиналғандарға жібек шаруашылығының көпшілік білмейтін құпияларын айтып, өз тәжірбиесімен бөлісті. 6 жылдан бері жібек өндірісін зерттеп жүрген Сұлтан Бакиров биылдан бастап жібек құртын өсіруге кіріскен. Оның айтуынша, жібек құртынан жылына 4 мәртеге дейін жібек талғашығын алуға болады. Кәсіпкер алғашқы айналымның өзінен 110 келі жібек алуды жоспарлап отыр. Жобасы толықтай жүзеге асса, ол жылына шамамен 40-50 тоннаға дейін жібек талшығын өндіріп, 1000- нан астам жаңа жұмыс орындарын ашпақ.
Ұқсас жаңалықтар
Бәйдібекте «Шатқал» бағдарламасы бойынша 60 гектар жерге бау егу көзделуде
Бәйдібек ауданындағы қасиетті Домалақ-ана кесенесі маңынан «Шатқал» бағдарламасы бойынша 60 гектар жерге бау, 4 гектар жерге жылыжай, жібек құртын өсіру цехы, қойма, көрме кешені және әкімшілік-тұрмыстық нысандарды орналастыру жоспарланған.Бауға егілген 159 120 дана көшеттің 2420- […]
Бәйдібектегі құс шаруашылығы көптеген адамды жұмыспен қамтып отыр
Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Бірлік ауылында жасанды жолмен дуадақ өсіру ісі жанданып келеді. Араб инвесторы Шейх Халифа Бен Зайд Аль-Нахайянның қолдауымен құрылған құс тұқымбағынан табиғатқа жылына 600-ден астам дуадақ ұшырылуда. 2016-2018 жылдары жобаның үшінші […]
ОҚО-да театр қызметкерлері үшін «Қазақ драматургиясындағы көркемдік реалистік дүниетаным» тақырыппен семинар-кеңес өтті
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына орай, облыстық мәдениет басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Мақтарал ауданы, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында […]
Пікір қалдыру