Оңтүстік Қазақстан облысында шикізат секторынан дайын өнім секторына өту бағытында 8 ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті.Оның айтуынша, облыста инвестиция соммасы 18,5 млрд. теңгені құрайтын, қуаттылығы жылына 30 мың тонна құс етін өндіретін «АK Kazyna» ЖШС-нің жобасын іске асыру жұмыстары басталған. Ал, «Ордабасы-Құс» ЖШС-гі күрке тауық етін өндіру өңдеу өндірістік қуаттылығын жылына 25 мың тоннаға жеткізу бойынша келісімге қол қойған. Мұнан бөлек, Шардара ауданында балық өнімдерін қайта өңдейтін екі зауытты іске асыру жұмыстары жүргізілсе, инвестиция соммасы 7,8 млрд. тг. құрайтын түйе сүтін қайта өңдейтін зауыт салу жұмыстары басталған.Сондай-ақ, Қытай инвесторларымен инвестиция соммасы 21,6 млрд. тг. құрайтын томат зауытын салу жобасы келісілсе, 1 мың га аумаққа қарқынды жаңғақ бауын отырғызу жобасын жүзеге асыру инвесторлар тарапынан келісімін тапты. Аталған жоба бойынша жерді таңдап, құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, бірнеше инвесторлардың қатысуымен инвестиция соммасы 51,2 млрд. тг. құрайтын 136 га аумақта Шымкент қ. өндірістік жылыжайлар салу жобасын («Тепличный рай») жүзеге асыру жоспарлануда. Ал, Қазығұрт ауданында «Асыл бастау» ЖШС инвестиция соммасы 603 млн. тг. құрайтын құрғақ сүт және сары май шығару зауыты салынуда.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да өткен жылы 300 миллион дана жұмыртқа өндірілген
Оңтүстік Қазақстан облысында құс шаруашылығы жыл сайын дамып келеді. Жалпы өңірде бүгінгі таңда ірі және шағын 35 құс фермасы болса, онда 2 млн. 638 мың құс басы бар. Олардан өткен жылы 300 млн. дана жұмыртқа, […]
Ассамблея мүшелері мемлекеттік тілдің латын графикасына өтуін қолдайды
Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында мемлекеттік тілдің латын графикасына өту жайы талқыланды. «Қоғамдық келісім» мекемесінің ғимаратында өткен кеңестің отырысына кеңес мүшелері мен облыстағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары және ассамблея жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі, […]
ОҚО-да Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған 4 бағдарлама жүзеге асып жатыр
Елбасы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында, «біз 2017 жылдың басында үшінші жаңғыруды жарияладық. Саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды мақсатқа жету үшін санамыз ісімізден оза жүріп, үнемі жаңғырып жүру керек. Және де осы жаңырудың өзегіне айналу […]
Пікір қалдыру