ОҚО-да «тілші және тіл мәдениеті» облыстық семинары өтті

Облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Тілші және тіл мәдениеті» атты семинар-кеңес өтті. Шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік тіл саясатын насихаттау.Аталған шараға аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылары мен жауапты мамандары, тілдерді оқыту орталығының директорлары мен оқытушылары, ономастикалық жұмыс тобы мүшелері қатысты.  Іс-шараны облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қ.Ағабеков кіріспе сөзімен ашып, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары М.Әліпов, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Б.Нарбекова, «Оңтүстік Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары Г.Мұсаева мен «Өрлеу» БАҰО АҚ ОҚО бойынша ПКБАИ, «Басқару және білім беру сапасы» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты М.Медетбекова тіл мәдениеті жайлы түрлі пікірлерін ортаға салды.

Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарының тілі, ондағы сөз қолданысы мен жалпы тіл мәдениеті әңгіме арқауына айналды. Бұл орайда тілші-ғалымдар да, тіл жанашырлары да өзекті мәселе көтеріп, тіл мәдениеті жайын сөз етті.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*