Созақ ауданының әкімі жергілікті журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

28 маусым-Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов аудандағы бұқаралық ақпарат, байланыс және телекоммуникация қызметкерлерін салтанатты жағдайда қабылдады.Ауданның әлеуметтік, экономикалық және байланыс, ақпарат саласына белсенді үлес қосқан бірқатар азаматтар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты сәтте аудан әкімі марапат иелеріне еңбекте озат атанып, өздері атқарған салада кәсіби мамандар ретінде тәуелсіз еліміздің дамуы мен өркендеуі жолында өлшеусіз табыстарға жете берулеріне тілектестігін білдірді. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті бөлім басшылары қатысып отырды. Осы күні «Созақ үні»газеті редакциясында аудандық ардагерлер кеңесінің төқрағасы Қабылбек Еспенбетов бұқаралық ақпатар саласында еңбек етіп, осы салаға бар ғұмырын арнаған еңбек ардагерлері мен осы салада еңбек еткен бірқатар азаматтарды арнайы алғыс хаттармен марапаттап, еткен еңбек жолдарында елге үлгі, кейінгі ұрпаққа өнеге болып, шәкірт тәрбиелеген асыл ағаларға деген шынайы алғысын жеткізді. Марапат иелері қатарында ардагерлеріміз Ескер Жақанов, Қалман Ерденов, Қасымжан Өмірұлы, Ескермес Жақсымбетов, Қазыбек Мыңжан, Әнуар Бабашов, Мұрат Сапаров сияқты кезінде аудандық газет пен аудандық баспахана жұмысында қолтаңбалары қалған азаматтар лайықты құрметке ие болды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*