28 маусым-Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні орай, киелі Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев жергілікті ақпарат құралдарының өкілдерін ксіби меркесімен құттықтап, ізгі ниетін жеткізді. «Байланыс және ақпарат қызметкерлері ел игілігі жолында тер төгіп келе жатқан мемлекетшіл жандар десем артық айтқандық емес. Атқарушы биліктің де, ақпарат құралдары өкілдерінің де мақсаты бір, ол – келешегі кемел Мәңгілік ел үшін қызмет ету. Сол қызмет барысында бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен көкейкесті әлеуметтік түйіндерге назар аударып, оларды бірігіп шешу арқылы оң нәтижелерге қол жеткізіп келеміз», — деді шаһар басшысы Әліпбек Өсербаев.Сондай-ақ, ол Ұлы мақсаттарға қол созған мемлекетіміздің алға қарай ілгерілеуіне бүгінгіден де жоғары қарқынмен атсалысуға шақырды. Мерекелік шарада қала әкімі Әліпбек Өсербаев осы саладағы белсенді қызметкерлерді марапаттап, сый-сияпатын тапсырды. Бұдан соң ақпарат құралдары өкілдерінің мерекелік шарасы қала басшылығы ұймдастырған дастархан басында жалғасты.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда «Мемлекеттік рәміздер-елдігіміздің нышаны» тақырыбында көрме ұйымдастырылды
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі 4 маусым – Қазақстан Республикасының Рәміздер күні мерекесіне орай «Түркістан тарихы» музейінде «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің нышаны» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.Биыл Мемлекеттік рәміздерге 25 жыл толып отыр. Елбасымыз Н. Назарбаев 1992 […]
Түркістанда «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізін кесіп өтетін күре жол салынбақ
Көне Түркістан шаһарында «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізін кесіп өтетін күре жол салынбақ. Жоспар бойынша аталған жолдың құрылысы биыл басталады. Ол жолдың міндеті қалада жаңадан бой көтеріп жатқан Отырар шағын ауданын шаһар орталығымен байланыстыру. Дегенмен […]
ТҮРКІСТАН: ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары 63 жаңа мектеп бой көтереді. Келешекте онда 49 мың бала білім алады. Салынып жатқан мектептердің саны әр өңірдің қажеттілігін әрі демографиялық ахуалын ескере отырып анықталған. Сондықтан […]
Пікір қалдыру