«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі 4 маусым – Қазақстан Республикасының Рәміздер күні мерекесіне орай «Түркістан тарихы» музейінде «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің нышаны» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.Биыл Мемлекеттік рәміздерге 25 жыл толып отыр. Елбасымыз Н. Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды. Сол күні Президент резиденциясы мен Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. Сонынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен айқындалды.Көрме экспозициясына мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, әнұран авторларына қатысты бірегей фото суреттер мен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік рәміздерге қол қойған Жарлықтары және қаламынан туындаған еңбектері көпшілік назарына ұсынылды.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістандық диқандар лимон өсіреді
Түркістан қаласына қарасты Иассы ауылдық округiндегі “Қанжiгiт” шаруа қожалығының жылыжайында лимон өсiп жатыр. Цитрутсы көшеттерді шаруалар 2015 жылдың желтоқсан айында егкен екен. «Лимон 40-60 жыл өмiр сүретін өсімдік. Алғашқы жемiсiн 2 немесе 3 жылда бередi. Өйткенi […]
ТҮРКІСТАНДА «МҰРАЖАЙ МҰРАҒАТЫ ТІЛ ҚАТСА…» ФОТО КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
Түркістандағы «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінде «Мұражай мұрағаты тіл қатса…» тақырыбындағы фотокөрме көрерменге жол тартты. Айта кету керек, көрме Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген тарихи мәдени құндылықтарды дәріптеу аясында ұйымдастырылып […]
«Көне Түркістан» концепциясы 3 кезеңде жүзеге асырылатын болады
Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде дамыту үшін әзірленген «Көне Түркістан» концепциясы 3 кезеңде жүзеге асырылатын болады. Көне шаһардың 99,6 гектар жер аумағын қамтитын концепцияның басты бағыттарының бірі – туристік индустрияны дамыту болып белгіленіп […]
Пікір қалдыру