Шардарада балық шаруашылығымен айналысатын 5 кәсіпорында 300 тоннаға жуық балық бар

Жалпы Шардара ауданында балықты қолдан өсіру және молайту шаруашылығымен айналысатын 5 кәсіпорын болса, оларда бүгінде 300 тоннаға жуық балық өсіріліп жатыр. Сондай-ақ, Шардара ауданында алдағы уақытта балық өңдеумен айналысатын тағы да екі шағын кәсіпорын ашу жоспарланып отыр. Мұздатылған, ысталған және тұздалған балық пен филе өнімдерін шығаратын кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 2500 тонна. 250 адамға жұмыс тауып беріп отырған бұл зауыт шет мемлекеттерге бәсекеге қабілетті балық өнімдерін шығарумен танымал.Кәсіпорынның тыныс-тіршілігіне жете қаныққан облыс әкімі аталған кәсіпорынның су қоймасында орналасқан торлы шарбақтағы балық өсіру жұмысымен де таныс болды.

Су қоймада өткен жылы 39 тонна балық қолдан өсіріліп шықса, биыл бұл көрсеткіш екі есеге ұлғайтылып, яғни, 80 тоннаға дейін жеткізілмек.

Шардара ауданының әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысу мақсатында арнайы жұмыс сапарымен барған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев балық шаруашылығымен айналысатын «Хамит» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінде болды.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*