ОҚО-да тіркелмеген кәсіпкерлерге арнайы шара көрілмек

Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациалық даму және туризм басқармасы мамандарының мәліментінше, тіркелмеген кәсіпкерлерге арнайы шара көріледі. Дәлірегі, ҚР Кодексінің әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасының 463-бабы бойынша жауапқа тартылатын болады. Ал салыққа тиісті төлемді жасамай, «үнемдеген» кәсіпкерлерге 15-тен 150 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ, кей жағдайларда азаматтық заң талаптарын құнттамағаны үшін,  қаржы немесе өзге де құнды қағаздарды тәркілеуі мүмкін. Егер, аталған көлемдегі айыппұлды өтеген кәсіпкер тіркелмеген заңсыз кәсібін дөңгелетуді жалғастырған жағдайда, төленетін айыппұлдың құны еселенеді. Яғни, кәсіпкер мемлекетке 30-дан 500 АЕК-ке дейін айыппұл төлеуге міндеттеледі. Облыстық статистика департаментінің дәйегіне сенсек, бүгінде бір ғана Оңтүстік өңірінде 215 317 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелкен. Оның 84% -ы белсенді жұмыс атқарып келеді. Бұл тиісті жасақтың 176 684-ын  құрайды.

Осыған байланысты, облыстық басқарманың жауапты мамандары аталған айыппұлдардың алдын алу үшін өңір кәсіпкерлерінен өз кәсібін ресми тіркеп, заң шеңберінде жұмыс істеуді сұранады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*