Астана күні қарсаңында Шымкентте қайта құру жұмыстарынан өткен «Наурыз» саябағының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сайрам тұрғын алабында орналасқан демалыс орнының ашылуына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жиналғандарды алда келе жатқан Астана күні мерекесімен құттықтады.«Сіздерді шын жүректен Астана күні мерекесімен құттықтаймын! Сарыарқаның төсінен орын алған бас қаламыз өркениетті алып шаһарға айналып, Астанамыз болашағына бет түзеген байыпты азаматтардың мекеніне айналды. Еліміздің бас қаласы Астана, Алматы қалаларымен бірге Шымкент қаласы да үшінші мегаполиске айналуда. Астана күні қарсаңында ел игілігіне берілгелі отырған бұл саябақ – қала тұрғындарының шаттық пен жандарына сая табатын демалыс орныны болатынына сенімдімін »,-деді Жансейіт Қансейітұлы.Облыстық бюджет есебінен бөлінген қаржыға қайта қалпына келтірілген демалыс орнының жалпы аумағы – 8 гектарды құрайды. 1991 жылы құрылған саябақ 26 жыл ішінде бірде-бір жөндеу көрмеген. Алғаш рет тек биыл қайта қалпына келтіріліп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-дағы «Ардагерлер үйінде» жылына 4 мың ҰОС ардагерлері мен соларға теңестірілгендер емделеді
Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бағынысты «Ардагерлер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бүгінде 175 ардагер – тыл еңбеккерлері мен зейнеткерлер, батыр аналар мен мүгедектер, сондай-ақ, ауған соғысының ардагерлері емдік-сауықтыру шараларынан өтуде.«Бүгінгі […]
ОҚО-да ауылшаруашшылығы саласындағы жалпа өнім көлемі 2,2 пайызға артқан
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде селекторлық режимде кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде 2017 жылдың 1 маусымына аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен бюджеттің атқарылуы және «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалу барысы қаралды.Жиындағы […]
ОҚО-да жыл басынан бері төрт бағытқа жаңа автобус қатынасы ашылды
Бұл туралы бүгін ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының салалық жетекшілері – басқарма басшысының орынбасарлары Мақсат Мырзабаев пен Ролан Ибрагимов хабарлады.Алдымен, жыл басынан бері басқарманың жол көлігі […]
Пікір қалдыру