Таулы Түлкібас ауданында «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бойынша берілген тапсырмалар биылдан іске асырыла бастайды. Түлкібас ауданында бүгінгі таңда 1322 отбасы тұрғын үйге кезекке тіркелсе, оларды баспанамен қамтамасыз ету үшін 2018-2020 жылдары 3 елді мекенде — Түлкібас, Састөбе поселкелерінде және Т.Рысқұлов ауылында 1472 пәтерлі 28 тұрғын үй салу жоспарланып жатыр.Сонымен қатар, Түлкібас ауданында халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына тікелей әсер ететін негізгі салалар қарқын алып дамып келеді. Мәселен, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту аясында ауданда өткен жылдан бері 24 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Сондай-ақ, Түлкібастың брэнді болып саналатын алма бау шаруашылығы жылдам қарқынмен дамып келеді. Ауданда қазіргі таңда 3077 га бау алқабы болса, оның ішінде қарқынды бау көлемі 230 га. Белгіленген жоспарға сәйкес, ауданда биылғы жылы 356 га жерге алма бау егілсе, оның 115 гектары қарқынды бау. Мұнан бөлек, жыл басынан бері Түлкібаста 10-15 басқа арналған 251 бірлік шағын мал бордақылау алаңы мен 5-10 бастық 81 бірлік жанұялық сүт фермасы және 600 бастық шағын құс фермасы ашылды.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан қаласында жаңа шағын аудан бой көтеріп жатыр
Түркістан қаласын дамыту мақсатында соңғы жылдары кешенді жобалар қолға алынып келеді. Соның ішінде өңірдегі өзекті мәселелерді шешу мақсатында 30 мыңнан астам тұрғын үй мен жер теліміне деген азаматтардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында қаланың шығыс бөлігінен «Отырар» […]
Бір күнде 3 қуаныш
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте — Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Астана» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Cондай-ақ, 3 қабатты қабылдау-диагностикалық, реанимациялық-ота жасау корпусы ашылды. Қайта жөндеуден өткен «Металлургшілер» саябағы салтанатты қонақтарын қабылдады. 96 отбасына […]
Түлкібастан шырын шығып жатыр
Таулы аймақтағы Түлкібас ауданы өңірімізге қашанда жеміс-жидектерімен танымал. Қазірде жергілікті кәсіпкерлер ауданның сол бір ерекшелігін пайдаланып, жемістердің шырынын өндіретін өндіріс орнын ашып отыр. Іргетасын 2014 жылы қалаған зауыттың 2015 жылы концентрат құятын цех іске қосылған. […]
Пікір қалдыру