Белгілі қоғам қайраткері, қарымды қаламгер Әкім Ысқақ тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік Һәм қоғамдық жұмысына өз жолымен келген азамат. Ол 35 жасында шетелдегі қандастарды шақыруды мемлекет мәселесі етіп қойды. «Халықтың көші-қон туралы» заңын жазған депутат ретінде аты тарихта қалды. Елге келген жүздеген қазақтың азаматтық алуына, пәтер алуына, жұмысқа орналасуына қамқор болған қайраткер. 20-ға жуық түрлі кітаптың, «Көңіл қымбат», «Соңғы вальс» сынды 70 әннің авторы. Белгілі журналист, ҚР Парламент Мәжілісінің бірінші шақырылымының депутаты Әкім Ысқақтың есімін білмейтін жан кемде-кем шығар. Қазақтың маңдайына біткен біртума талант иесімен кездесу бүгін Сайрам аудандық орталық кітапханасының оқу залында өтті. Шығармагердің аудандағы оқырмандарынан бөлек, Шымкент қаласынан, Сарыағаш, Қазығұрт аудандарынан, тіпті «Манкент» шипажайында демалып жатқан қарағанды қаласынан келген қонақтар болды. Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев қадірлі қонақтың кешіне қатысып, алғысөз сөйледі. Аудан атынан «Шежірелі Сайрам» кітабы мен арнайы кәдесый табыс етті.Әкім аға өз кезегінде жақында жарық көрген төл туындысын сыйлады. Кеш барысында оқырмандар көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, тағылымды әңгіме тыңдады. Расын айтқанда, Әкім Ысқақ өзінің азаматтық позициясын тапқан қаламгер. Ізгілік пен адамдықтың, өмірге деген құлшыныстың шырақшысындай. Түңілгенді күлімдететін қасиетті қаламның қадірін білетін ол кісінің оқырмандары да көп. Басқосу барысында бұған дәлелді әңгімелер де айтылды. Күнделік дәптеріндегі шығармалары көңілдерді тебірентсе, әні мен сөзін Әкім ағаның өзі жазған «Көңіл қымбат» әні кеш қонақтарының бірге шырқауына ұласты. «Бір физиктің махаббаты», «Көктем. Махаббат және Сен» атты өлеңдері махаббат тақырыбындағы әңгімемен ұштасты. Әкім Ысқақтың «Шетелде қалған қазақ баласы Арман» туралы әңгімесін өз аузынан естіген оқырман көз жасына ерік берді. Тағылымы мол шарадан келген қонақтар қаламгердің қолтаңбасы бар кітаптарынан бөлек, рухани азық алды.
Ұқсас жаңалықтар
Сайрамнан елордалықтарға 4 тонна құлпынай жөнелтілді
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының диқаны Шавкат Хакимбаев егістіктен жиналған бірінші өнімін Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне орай 4 тонна құлпынайды жөнелтті. «Зебо-1» шаруа қожалығының 2 гектар егістік жерінде бүгінде жиын-терім жұмыстары қыза түскен. 40-қа […]
ОҚО әкімі қоғамдық қабылдауда тұрғындардың мәселесін тыңдады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жансейіт Түймебаев партия филиалының бас ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Өңір тұрғындары ауылдық жердегі электр бағаналарының ескіргенін, медициналық сақтандыру жүйесі жөнінде сөз болды. Сонымен қатар, әйелдер […]
Сайрам ауданында алты сүт өңдеу цехтары жұмыс істеп тұр
Сайрам ауданында ет өндірумен қатар сүт өнімдерін өндіру мен өткізуде алдыңғы қатарда. Ал аудан халқына сүт өнімдерін өткізу аса қиынға соғып отырған жоқ. Өйткені, Сайрам ауданында орналасқан 6 бірдей үлкен сүт өңдеу цехтары және Төлеби […]
Пікір қалдыру