Орадабасы ауданындағы «Сабыр» шаруа қожалығының егістік көлемі — 430 гектарды құрап отыр. Биылғы жылы тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағыты бойынша 3 млн. 519 мың теңгеге 100,3 тонна жеңілдетілген аммиак селитрасына қол жеткізген. Шаруа қожалығы «Ынтымақ» өндірістік кооперативінің құрамында жұмыс жасауда. Бұл кооператив 2001 жылдан бері бидай өсірумен қатар мал шаруашылығын дамытумен де айналысып келеді. Бүгінде кооператив 50 азаматты жұмыспен қамтып отыр.Кооператив төрағасы Т.Жанысбаевтың мәлімдеуінше, өнімнің биылғы түсімі гектарына 22-25 центнерді құрайды екен. Сонымен қатар, төраға қазіргі таңда білікті механизаторлардың тапшылығын да тілге тиек етті. Ордабасы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Н.Әбілхасов өз кезегінде шаруаларға жеңілдетілген тыңайтқыш пен жанар-жағар майдың мерзімінде жеткізіліп келетінін атап өтті.Сондай-ақ, Ордабасылық жеке кәсіпкер Б.Қалметов биыл алғаш рет фермерлік жылыжайын іске қосып, алғашқы өнімін алды. Иелігіндегі жердің 0,5 гектарына жылыжай орналастырып, қияр мен қызанақ өсіруді қолға алды. Өз қаражаты есебінен жүзеге асқан бұл жобаның инвестициялық құны 30 млн. теңгені құраған. 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. — «Алма піс, аузыма түс» деп отыратын заман емес. Отбасымызбен осы жылыжай ісін қолға алғанда біраз күдіктендік. Қалай болар екен деген ой да болды. Алғашқы өнім біз күткен нәтижеден де асып түсті десем, артық айтпаймын. Қиярдың маусымы өтіп бара жатыр. Енді, қызанақтың көшеттерін отырғызып, баптауға көштік. Өнімді қазан-қараша айында жинаймыз деп жоспарлап тұрмыз. Келешекте жылыжайдың көлемін арттыруым да мүмкін, — деп ағынан жарылды кәсіпкер Б.Қалметов.
Ұқсас жаңалықтар
Ордабасы ауданының 7 айдағы кірісі 623 миллионнан асқан
Ордабасы аудандық мәслихатының кезекті XVII сессиясы өтті. Күн тәртібіне сәйкес, алғашқы сөзді аудан әкімі Рашид Қайыпжанов алып, 7 айда атқарылған жұмыс барысын баяндады. Жалпы 2017 жылы Ордабасы ауданында негізгі әлеуметтік даму көрсеткіштерінің өсімі байқалды.Жыл басында бюджет […]
ОҚО диқандары 600 мың тоннаға жуық дәнді дақыл жинады
Оңтүстік Қазақстан облысында дәнді дақылдарды жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл облыс диқандары астық өсіруде озық технологияларды, оның ішінде терең қопсыту әдісін қолданудың арқасында мол өнімге қол жеткізді. Мәселен, облыс бойынша 258,8 мың гектар жерге егілген […]
ЗАҢДЫЛЫҒЫ ЗЕРДЕЛЕНІП, ТҮЙІНІ ТАРҚАТЫЛАДЫ
Бүгін аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасы Рашид Қайыпжанов алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Темірлан ауылының тұрғыны, 25 жасар Бейбіт Тасболатұлы жоғарғы оқу орнын бітіріп, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі […]
Пікір қалдыру