Мақтаарал ауданында жер реформасын жергілікті тұрғындарға түсіндіру, ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік үшін қолданылып жатқан жерлерді тиімді пайдалану мақсатында арнайы семинар-кеңес өтті. Жиынға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садыр, Мақтаарал ауданының әкімі Ғ.Исмаилов, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов және ауыл әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Шараның негізгі мақсаты — жер мәселесіне қатысты салада атқарылып жатқан жұмыстарды талдау екенін айта кеткен жөн. Облыстағы жер қатынастары саласындағы жұмыстарды іске асыруға және жер ресуртарын тиімді басқаруға бағытталған жер реформасын түсіндіру бойынша облыстық жер қатынастары басқарма басшысының орынбасары Е.Тілеген баяндама жасады. Оның айтуынша, Мақтаарал ауданының жер қоры 185,4 мың гектарды құрайды. Ал, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 145,7 мың гектарға жетсе, оның ішінде егістік жер 140,1 мың, (барлығы суармалы жерлер), тыңайған жер 1,8 мың, жайлымдық жерлер 3 мың, көп жылдық екпелер 0,8 мың гектарға пара-пар.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да дағдарысқа қарсы штаб отырысында жалақы қарызы қаралды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садырдың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Дағдарысқа қарсы штабтың кезекті отырысы өтті. Жиынға қатысушылар өңірдегі кәсіпорындар мен мекемелердегі қордаланған жалақы қарыздарын жою мәселесін қарады.Мәжілісте сөз алған облыстық еңбек инспекциясы […]
Мәжіліс депутаты Мақтааралға барды
Мақтааралдағы Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институты жаңалықтарын өңірге барынша кеңінен ендіру үшін мемлекет тарапынан берілетін қолдауларды көбейту мәселесін айтқан ғалымдар мәжіліс депутатынан көмек сұрады. Өз кезегінде Құдайберген Ержан бұл мәселені Парламентте көтеріп шешіп беруге […]
Өзбекстан «Достық» каналының суын, прпорционалды түрде бөлісуге келісті
Оңтүстік Қазақстан облысында бірнеше жылдан бері Өзбекстанмен су мәселесі жөнінде келісім жүргізген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев «Достық» каналының суын пропорционалды түрде бөлісуге келіскенін айтып отыр. Яғни, дәл осы […]
Пікір қалдыру