Оңтүстікте «СЕРПІН-2050» жобасына құжат қабылдау басталды

Оңтүстік Қазақстан облысының жастарына солтүстік облыстарда тегін оқуға мүмкіндік беретін «Серпін» жобасына құжат қабылдау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Биыл осы жоба аясында Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау облыстарындағы жоғары және орнаулы орта оқу орындарына  4513 грант бөлініп отыр.  Ал, оның 3793-і жоғары оқу орындарына, қалғаны колледждерге бөлінетінін айта кеткен жөн. Сонымен қатар,  бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысынан 5627 жас осы жоба аясында білім алып жатқанын айта кету керек.  Қазірде алғашқы қатысушылары диплом алып, жұмысқа орналасып үлгерген.

Бұл жобаның артықшылығы сол, халқы тығыз орналасқан оңтүстік жастарының тегін білім алуына, өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына мол мүмкіндік беріледі. Бұдан өзге, жұмыссыздық, балабақша, мектеп жетіспеушілік секілді бірқатар әлеуметтік мәселелердің оң шешім табуына ықпал етеді. Ең бастысы, халқы сиреп жатқан солтүстік өңірлер қаракөздермен толығады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*