«Шымкент» ӘКК» ҰҚ» Акционерлік Қоғамы бірнеше жобасын Қазығұрт ауданында жүзеге асырып отыр. Мәселен, солардың бірі 209 га аймаққа орналасатын «Интенсивті бақтар» агропаркі. «Шымкент» ӘКК» ҰҚ» АҚ бастамашы болып табылатын жобаны қолға алу 2018 жылға жоспарланған. Жалпы құны 11,8 млн. АҚШ долларын құрайтын «Интенсивті бақтар» жобасы толық қуаттылықта жұмыс істегенде жылына 10,4 мың тонна өнім береді деп күтілуде. Сонымен бірге, әкімшілік-іскерлік орталығының маңынан мемлекеттік бағдарлама аясында 8 қабатты тұрғын үй мен «Shymkent Towers» атты бизнес орталығы бар тұрғын үй кешенін салу көзделуде. Ал өңірдегі электр қуатына деген тапшылық аймақта жалпы құны 44,1 млрд. теңге болатын 17 суэлектрстанциясы салынғанда түбегейлі шешіліп, стансалар 73,2 МВт электр қуатына дейін өндіріп тұрмақ.«Smart Ontustik» жобасын жүзеге асыру аясында да белсенді жұмыстар атқарылуда. Оны іске асыру ісі үш кезеңмен жүргізілуде: бірінші кезең әкімнің ахуалдық орталығын құру (ӘАО) болса, екінші кезеңде «Smart Ontustik» жобасының кеңсесі құрылып, одан соң, транспорт, білім, энергетика, тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, ауыл шаруашылығы және халықтың қауіпсіздігі салаларында жоспарлар іске асырыла бастайды.
Ұқсас жаңалықтар
Шарапханадағы «Қаратас» шаруа қожалығы күніне 1-2 тонна сүт өндіріп отыр
Оңтүстік өңіріндегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Қазығұрт ауданы Шарапхана ауылындағы «Қаратас» ауыл шаруашылығы коопеартивіне барды. Аталған серіктестік сүт өнідірумен айналысады. Жылдың басында құрылған кооперативке бүгінде 86 шаруа мүше болған. Ұжымның қарамағында 700-ге жуық ірі қара […]
Қазығұртта апатты мектеп мәселесі 2020 жылға қарай толығымен шешіледі
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы міндеттердің ауданда жүзеге асырылуы бойынша баспасөз-конференциясы өткізді.Білім– ғылымның іргетасы жəне мемлекет дамуының алтын арқауы екенін айтқан аудан […]
Оңтүстіктен Иранға 20 мың тонна ет экспорттау көзделіп отыр
Жылына 2 млн. 400 тонна ет тұтынатын Иран Ислам мемлекетіне ОҚО-дан 20 мың тонна ет экспорттауға екіжақты келісім жасалды. Облысымызда соңғы екі жылда 865 мың бас ірі қара, қой-ешкі 155 мыңға көбейіп 3 млн. 893 […]
Пікір қалдыру