Әбсаттар қажы Дербісәлі Үндістанның Кашмир қаласынан Яссауи бабамыздың 5-6 ұрпағын тауыпты. Испания астанасы Мадридтен де Яссауиге қатысты тарихи жәдігер – Яссауи трактатын тапқан жазушы қазіргі Сайрам ауданынан шыққан үш оқымысты – Низамиддин әз Сайрами, Әбдірахман әз Сайрами, Сайфаддин әз Сайрами есімді ғалымдардың еңбектерінің көшірмесін алыпты. Шығыстанушы бұл жөнінде Жансейіт Қансейітұлымен кездесу барысында баяндады. Бұл жаңалықтары туралы халықаралық үлкен басқосуларда баяндап жүрген ғалым бұл мәліметтер түп-тұқиянымыздың тереңдігін нақтылауда болашақ ұрпақ үшін өте құнды дүние деп біледі. Сонымен бірге, өз сөзінде, ежелгі Отырар қаласынан 30 Фарабидің шыққанын алға тартқан Ә.Дербісәлі Қазақстанның әрбір қаласы, соның ішінде Оңтүстіктегі әрбір шаһар терең тарихи сырды қойнауына бүгіп жатқанын меңзейді. Демек, алаштың дархан даласы қазына, байлығынан бөлек, рухани байлығы тасыған мекен екенін өз еңбектерімен тағы бір дәлелдеген шығыстанушы келешек ұрпақ үшін әлі де ізденуден талмайтынын жеткізді. Жазушының еңбектерімен танысқан Жансейіт Қансейітұлы шығыстанушының Оңтүстікке қатысты еңбектерін жергілікті басылым беттері мен жеке баспаларда жариялап, ұлттың рухани байлығын толықтырып, оны көтеру жөнінде жауапты басшыларға тапсырма берді. Өз кезегінде, Әбсаттар Бағысбайұлы бұл нұсқауды Мемлекет басшысының рухани жаңғыру мақаласындағы тапсырмаларын жүзеге асыруда жақсы бастама екенін тілге тиек етті. Одан соң, шығыстанушы Оңтүстіктің белсенді жастарымен кездесіп, руханият саласында пікір алмасты.
Ұқсас жаңалықтар
Сайрамда «Тәрбие отбасынан басталады» атты форум болып өтті
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде Оңтүстік Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан Қарабұлақ ауылдық округінде тұрғындар, қоғамдық ұйым мүшелер, жастардың қатысуымен «Тәрбие отбасынан басталады» атты Форум ұйымдастырылды. Форум жұмысын аудан әкімі […]
Сайрамдағы сенбілік
Тазалық –денсаулық кепілі демекші, салауатты өмір салтын сақтайтын Сайрам ауданы, елді мекендерді көріктендіру мен көгалдандыру және санитарлық тазалығын ретке келтіру мақсатында тұрақты түрде жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда, тазалық адам денсаулығына тікелей әсер беретінін алға тартатын […]
Сайрамда балалар күніне орай «Бақытты балалық бал дәурен» мерекелік кеші ұйымдастырылды
Сайрам ауданында 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Жібек жолы модельді ауыл кітапханасы мен Сиқым ауыл кітапханасы бірлесе отырып мүгедек, жетім, жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға арнап «Бақытты балалық бал дәурен» атты мерекелік кеш […]
Пікір қалдыру