Нұрлан Қамбар жасаған электронды домбыраны телефонда ойнауға болады

Домбыраның электронды нұсқасын ойлап тапқан 20 жасарНұрлан Бауыржанұлына бұл идея  Астанадағы ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесіне барғанда келіпті. Нұрланның бұл  идеясын іске асыруға  «қазақстандық Стив Джобс» атанып кеткен Арман Сүлейменов ақыл-кеңес беріпті.Қазіргі таңда қазақ жастары жаңашылдыққа ұмтылып, жаңа технологияларды игеруге күш салып жатыр.  Солардың бірі ретінде мен де өз бағымды сынап көруді жөн санап, алғашқы еңбегімді жүзеге асыруға тырыстым. Бұл бағдарламаның бір ерекшелігі – домбыра үйренуге әрі домбыра жоқ жерде ұялы телефоннан күй немесе ән тартуға мүмкіндік береді. Аталған бағдарламаны мына сілтемеден https://itunes.apple.com/us/app/dombra/id1265753404?l=ru&ls=1&mt=8 тегін жүктеп алуыңызға болады», — дейді өнертапқыш.

Енді домбыраны ұялы телефоныңыздан тартып, ән шырқауыңызға болады. Егер үйренгіңізге келсе, тегін  жүктеуге де мүмкіндік туып отыр.  «Apple» компаниясы мақұлдаған бұл бағдарламаның авторы – оңтүстікқазақстандық  ІT маман  Нұрлан Қамбар. Өнертапқыш жігіт аталған бағдарламаны жуырда ғана АҚШ-тағы  «Apple» компаниясына мақұлдатып, авторлық құқық иесі атанды. 

  Бүгінде ол жазғы демалыс кезеңін пайдаланып Астана қаласындағы Назарбаев университетіндегі  ІT мамандардан  арнайы сабақ алып жүр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*