Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы «Компания Натур Продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл сайын сары май мен ірімшікке субсидия бөлінеді. Бүгінгі таңда кәсіпорынды кеңейту мақсатында өндіріс қуаттылығын арттыру үшін тәулігіне 70 тонна сүт өңдейтін құрал-жабдықтар алынып, монтаждау жұмыстары басталған. Қосымша бес жұмыс орнының ашылуы жоспарланып отыр.Кәсіпорын басшысы алдағы уақытта өндірісті кеңейту мақсатында Ақсу ауылында тәулігіне 150 тонна сүт өңдейтін жаңа зауыт құрылысын жүргізуді жоспарлап отырғанын айта кету керек. Қазіргі таңда Сайрам ауданының әкімдігі тамақ өнеркәсібін дамыту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарды. Нәтижесінде 2017 жылдың қаңтар-шілде айларында 9559,4 млн. теңгеге тамақ өнімдері өндірілген. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 18,2 пайызды құраған. Салада табиғи түрде 725 тонна сүт өнімдері, 51596 тонна ұн, 60 тонна шұжық өнімдері мен 720,4 мың литр өзге де алкогольсіз сусындар өндіріліп отырғанын айта кеткен жөн.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да Орта Азияда теңдесі жоқ сиыр фермасы бар
Ордабасы ауданындағы «Бөрте Милка» компаниясы өңірдегі жалғыз роботтандырылған сүт-тауарларының фермасын іске қосқан. Швециялық супер заманауи технологиямен салынған қоралардың ерекшелігі, сиырларды күтіп баптап, сүтін сауу жұмыстарына адам баласын араластырмайды.Желіні толған сиырларды компютер құлағында орналасқан «чиптер» арқылы […]
ЭКСПО – 2017 көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері өтеді
Елордада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі барысында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері жоғарғы денгейде ұйымдастырылуы тиіс. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев аудан, қала әкімдерімен және облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен өткен селекторлық мәжілісте мәлім […]
ОҚО-да есепке алынған тарихи-мәдени ескерткіштердің саны мыңнан асады
Оңтүстік Қазақстан облысында есепке алынған тарихи-мәдени ескерткіштердің саны 1281. Мұнан бөлек ескі сәулеттік ескерткіштер 218, археологиялық ескерткіштер 1063 құрап отыр. Сонымен қатар, өңірде бұдан басқа да зерттелмегендері баршылық екен. Бұл жөнінде облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы […]
Пікір қалдыру