ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында 29 тамыз бен 3қыркүйек күндері Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында 29 тамыз бен 3қыркүйек күндері Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді.Нақтырақ айтқанда Оңтүстік Қазақстанның күндері аясында облыстың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениеті мен байлығын паш ететін 43 мәдени көпшілік іс-шарасы елордалықтар мен қала қонақтарының назарына ұсынылатын болады. Оңтүстік күндерінің алғашқы шарасы шет ел мемлекеттерінің Қазақстандағы 30-дан астам елшілері қатысатын бизнес-форуммен ашылатынын да айта кету керек. Сонымен қатар, бес күнге созалатын дүбірлі тойда оңтүстік қазақстандық өнер майталмандары «Түркі елінің түп тамыры – Оңтүстіктен мерейлі Астанаға сәлем!»өнер керуені, «СәлемАстана!, Сәлем, ЭКСПО!», «Оңтүстік әзілдері» шоу-концерттерін ұсынса, өңіріміздің тарихи құндылығымен ерекше мәдени келбетін дәріптейтін көрнекті жәдігерлердің көрмесі мен тарихтан сыр шертетін суретшілер мен қолөншілер бұйымдарының көрмелері өткізіледі. Бұдан бөлек, астаналықтар қаланың сол жағалауындағы «Бәйтерек» алаңында бір мезетте 600 жас домбырашының орындауындағы күйді тамашалай алады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*