Оңтүстік Қазақстан облысы ҚХА төрағасының орынбасарлары облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак пен облыстық грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Заал Бочоришвили, Қазақстандағы өзбектер қоғамдық бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының жетекшісі Икрамжан Хашимжанов, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Байдулла Қонысбек, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Балхия Көмекбаева, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Жеңісбек Мәуленқұлов, ОҚО ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі, профессор Асма Қалыбекова сөз сөйлеп, елімізде уақтылы қолға алынған бастаманы бірауыздан қолдайтындығын жеткізді, Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұсынған қазақ тілінің латын графикасына негізделген əліпби жобасын осындай отырыстар мен жиындарда жан-жақты саралап, талдап, талқылауға шақырды. Бүгінде ұлттық қаріп жүйесіне реформа жүргізген Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан секілді бұрынғы Одақтас республикалардың тәжірибелерін зерделеп, олардың кемшіліктерінен сабақ алуға болатынын айрықша айтқан қатысушылар жаңа әліпби бойынша түсіндіру жұмыстарына барынша басымдық беру керек деген уәжге тоқтады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-лық өнертапқыш жасаған «Qazaq Arbasy»-ның құны 5 миллион теңгені құрайды
«Qazaq Arbasy»-ын құрастыруды Еркінбек Тәженұлы биыл бастаған. Сөйтіп 8 айда ойлап тапқан 5-6 түрінің ішінен осы нұсқасын таңдаған. Бұл арбаны жасап шығару үшін өнертапқыш 5 млн. теңге қаражат жұмсаған.Өйткені, жоғарыда айтқанымыздай, арбаның жабдықтары заманауи материалдардан […]
ОҚО-да жалпы өңірлік өнім көлемі 6 айда 1,1 триллионды құрады
Оңтүстік Қазақстан облысы экономикасының дамуына серпін беретін жалпы өңірлік өнім көлемі соңғы 6 айда 1,1 трлн теңгені құрапты. Бұл ретте негізгі үлесті өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласы қосып отыр. Жалпы өңіріміздегі өнеркәсіп саласы өңдеу, […]
Оңтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстары әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастықты арттырмақ
Оңтүстікке Ақмола облысының әкімі Мәлік Мурзалин бастаған көкшетаулық делегация мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі екі жақты ынтымақтастықты арттыру жөнінде келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысы әкімдіктері арасында өзара ынтымақтастық туралы […]
Пікір қалдыру