Мырзашөл өңіріндегі Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, академик Ибадулла Үмбетаев мақтаны толық жинап алу үшін алдымен қоза жапырағын дер кезінде біркелкі етіп түсіру қажеттігін атап өтті. Ол үшін дефолиацияны сапалы жүргізудің маңызы зор екенін айта кеткен жөн. Оған бесеп, жапырағы түскен соң қоза көсектері әдеттегіден екі есе жылдам ашыла бастайды. Дефолиант жасалған мақта алқабы, дәрі себілмеген алқапқа қарағанда мақта 10-15 күн бұрын ерте ашылады. Бұл өз кезегінде дихандарға ақ алтынды жауын-шашында қалдырмай жинап алуына үлкен септігін тигізбек.«Сапалы тұқымдық шит дайындау да өзекті мәселе болып тұр. Біздің институт мамандары дайындаған «Мақтаарал-4017» шитіне қазір сұраныс жоғары. Ал Қытай, Түркиядан әкелінген мақта сортының көсегі жеңіл 3,5-4 грамнан аспайды, 5-6 ғана шиті бар. Сондықтан шет елдің қымбат шитінен гөрі өзімізде жерсінген отандық тұқымдық шитті көптеп шығарып, мол өнім алуға күш салайық» -деді ИИбадулла Үмбетаев.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралдық диқандар жиналған қауынның 70 пайызын экспорттаған
Оңтүістік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Мақтарал ауданында болып, бірқатар шаруа қожалықтар мен өндіріс ошақтарының жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, жылына үш рет егін егіп, еліміздің солтүстік аймақтарын бау-бақша өнімдерімен қамтып отырған еңбекқор шаруалармен кездесті.Мырзашөл […]
Жетісайлықтар мақтадан 25 центнерден өнім алды
Түркістан облысы Жетісай ауданында 120 мың тонна мақта жиналды. Өнімділік гектарынан 25 центнерден түсті. Десек те, ауданда мақта теру науқаны әлі де жалғасуда. Жетісайлық шаруалар енді бірер күнде бірінші терім жұмыстарын толығымен аяқтайды. Бүгін бұл туралы […]
Мақтааралда 2502 тонна шит егілді
Биыл Мақтааралдық мақташылар шиттен тапшылық көрмейтін болады. Өйткені бүгіннің өзінде ауданда 2502 тонна шит дайындалған. Оның 100 тоннадайы Қытай мен Түркиядан тасымалданған. Шетелдік шиттің келісі 1350-1400 теңгеден ал отандық шиттің бір келі бағасы — 230 […]
Пікір қалдыру