Ордабасыда егістің гектарынан 18,2 центнерден өнім алынды

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығына жақын орналасқан Ордабасы ауданында биыл ақ егістің көлемі 17617 гектарға жетеді. Нақтырақ айтқанда, оның ішінде ас атасы бидай — 16 367 гектарға, арпа 1250 гектарға егіліп отыр. Яғни, бұны былтырғы жылдармен салыстырғанда анағұрлымға көп. Биылғы ауа райы шаруалар үшін қолай болғанына да айта кеткен жөн. Сол себепті де бүгінгі таңда Ордабасылық шаруалар өнімнің барлығын жиып-теріп, көңілін демдеп отырған жайы бар.Бұл өте қуантарлық жаңалық десек артық болмас. Себебі, ала жаздай еткен еңбектің ойдағыдай ақталғаны дихандардың бағының жаңғаны деуге болады. Биыл егістің әр гектарынан түскен өнімінің мөлшері де көңіл қуантады. Нақтырақ айтқанда, өнімнің орта түсімі гектарына 18,2 центнерді құрап отыр. Бұл дегенің тамаша көрсеткіш дейді мамандар. Осының арқасында Ордабасы аудан бойынша 30 385 тонна бидай, 1610 тонна арпа жиналғанын айта кеткен жөн. Иә «нан болса, ән болады» демекші, шаруалардың қамбасы астыққа толса, дүйім жұрттың көңілі тоқ болары хақ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*