Астана қаласының бас көшелерімен «Түркі елінің түп тамыры-Оңтүстіктен мерейлі Астанаға сәлем!» атты өнер керуені жүріп өтті. Еліміздің тарихынан сыр шертетін сазды керуен «Ғашықтар» алаңынан «Бәйтерек» алаңына дейінгі аралықты қамтыды.Керуен сапында Алтын адам, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Ясауи, Әл-Фараби сынды тарихи тұлғалар мен ғұламалар, хандар мен батыр, билер бейнесіндегі өнер азаматтары, ЭКСПО аруы мен ұлттық киім киінген әнші, бишілер, цирк өнерпаздары және тайқазан, арба сынды ұлтық құндылықтарымызды айшықтайтын бұйымдар бар. Өңірдің тарихи келбетін танытар өнер көшіне 500-ге жуық өнерпаз қатысып, жергілікті композиторлар Ш.Қалдаяқов, С.Бəйтерековтің əндерін қосыла орындады. Керуен басы «Қазына», «Шаттық», «Шамсинур» би ансамбльдерінің орындауындағы «Мереке думан» биімен бастау алып, «Бәйтерек» алаңында 600 жас домбырашының бір мезетте Қ.Сағырбайұлының «Балбырауын» күйін орындауымен аяқталды. Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы бірінші күні «Бәйтерек» алаңында облыстың өнер шеберлерінің «Сәлем, Астана! Сәлем, ЭКСПО-2017!» мерекелік концертімен қорытындыланды.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы пәтер алушылар мынадай талаптарға сай болуы тиіс
Оңтүстік Қазақстан облысында ҚТҮЖБ «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 558 пәтерді өз салымшылары мен әкімшілікте тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға тарататын болды. Осыған орай, 20 қыркүйектен бастап www.hcsbk.kz сайты арқылы дауыс беріп, өтініш қалдыру басталып кетті.Айта […]
Қытайлық кәсіпкерлер ОҚО-да екі зауыттың құрылысын бастамақ
Қытайлық кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстан облысында биоэтанол өндіру зауыты мен фосфор өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеуден өткізетін өндіріс ошағын іске қоспақшы. Көршіледің инвесторлары биоэтанол өндірісіне Отырар ауданын, ал фосфор қалдықтарын өңдеуде Созақ өңірін қолайлы көріп отыр. Бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі мен Қытай фторселикондық өндірісі ассоциациясының директоры Сианжун Цао мырза бастаған делегацияның кездесуінде мәлім болды.Өңір басшысы шетелдік инвесторларға облысымыздың инвестициялық тартымдылығы мен индустриалды—инновациялық жобаларды іске асыратын аймақтардың әлеуетін баяндады.Облыс экономикасын өрге сүйреп келе жатқан салаларға тоқталған әкім инвестиция тарту бойынша жергілікті билік тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер мен мүмкіндіктерге кеңінен тоқталды. «Елге инвестиция тарту – экономиканың ең негізгі тетігі. Осыны ескере отырып біз кәсіпкерлерге барынша қолдау білдіріп отырмыз. Өңірімізде 11 индустриалдық 1 арнайы экономикалық аймағымыз жұмыс істейді. Шетелдік инвесторлар кедендік, мүліктік салықтардан босатылады. Сондай-ақ жер […]
ОҚО-да құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті. Айта кету керек комиссия қызметінің мақсаты – құқық бұзушылыққа қарсы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру болып табылатынын айтқан аймақ […]
Пікір қалдыру