ДІННІҢ ТҰТАСТЫҒЫ – ЕЛДІҢ ТҰТАСТЫҒЫ

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады» — деп атап көрсеткендей, бүгінгі таңда терроризм мен діни экстремизм қауіпті құбылысқа айналғаны белгілі. Әсіресе, соңғы жылдары бұл жайт Орталық Азия аймағында жиі орын алуда. Қазақстан әлем елдеріне көптеген конфессиялар мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде танылғаны рас. Дегенмен, діни экстремизм мәселесі біздің елімізді де айналып өткен жоқ.Бүгін, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жалпы орта білім беру ұйымдарындағы «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдерінің және ақпараттық-түсіндірме топ мүшелерінің білімі мен біліктілігін көтеру мақсатында қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында облыстық дін істері басқармасы жанындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің дінтанушы, теолог маманы А.Бектұрғанов «Діни экстремизм мен терроризімнің алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, маман тарапынан дәлелді, дәйекті жауаптарын алды. Жиын соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*