Арыс қаласында өткен жиында сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жандандыру керектігі жөнінде баяндамалар жасалды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз ету керектігі талқыланды. Қолма-қол айналымды азайту, есептесудің заманауи электрондық жолдарын кеңейту, есеп берудің ақша айналымын бақылауды жеңілдететін, қолма-қол пара беру мүмкіндігін қиындататын заманауи тұрпаттарын ендіру керектігі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресумен айналысатын мамандардың біліктілігін арттыру қажеттігі турасында туындаған сұрақтарға мамандар тарапынан тиісті жауаптар берілді Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Мұндай заңбұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға да тартылады. Оларға біздің қоғамда да, арамызда да орын жоқ екенін түсінгені абзал. Мәжіліске қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға заң аясында тұщымды жауаптар берілді.
Ұқсас жаңалықтар
Өмірзақ Шөкеев ҚР Кәсіподақтар Федерациясының атынан «Үздік әлеуметтік әріптес» медалімен марапатталды
«Кәсіподақтар күні» мерекесі күні ҚР Кәсіподақтар федерациясың төрағасы Ералы Тоғжанов Арыс қаласына арнайы келіп, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің кеудесіне төсбелгі тақты. «Халықтың қамы үшін сіңірген еңбегіңіз ерен. Оны бүкіл халық біліп отыр. Арыстағы апат орын […]
АРЫСТА БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
ҚР тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Спорт – әр елдің даңқын шығарып, байрағын биіктететін айтулы бәсеке. Қазақстан – әлемде саяси тұрақты, экономикасы өркендеген іргелі ел ғана емес, халықаралық спорттағы табыстарымен және талантты спортшыларымен танылған мемлекет» […]
Арыста «жастардың әлеуметтік желідегі сауаттылығын арттыру» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті
Арыс қаласында жастардың журналистика мен блогерлікке қызығушылығын арттыру, әлеуметтік желілердегі саяси сауаттылық пен мәдениетті посттарды жазу, жастардың іс-шаралары туралы нақты ой білдірудегі сауаттылықты арттыру мақсатында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мәжіліс залында «Жастардың әлеуметтік желілердегі сауаттылығын […]
Пікір қалдыру