Шардара ауданындағы үдемелі индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған кәсіпорын жылына 600 тонна балық өндіреді. Қазір өндіріс орнында 30 адам жұмыспен қамтылған. «Саодат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шағалалы аймақта балық өңдеумен айналысатын төртінші кәсіпорын. Өндіріс орнын ашу үшін кәсіпкер әуелі 58 млн. теңге қаржы шығындады. Істі ілгерілету үшін мемлекет қолдауына да иек артты.Сөйтіп, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялар орталығы арқылы 42 млн. теңге несие алды. Бүгінде балық өңдеу зауытына Арал, Көксарай мен еліміздің батыс аймақтарынан да тонналап шикізат жеткізіледі. Одан мұндағы мамандар филе, мұздатылған және ысталған балықтың түр-түрін өндіреді. Зауыт жұмысының ерекшелігі сол, қалдықсыз технологияны басшылыққа алған. Өнімі сапалы Шардара балығының 70 пайызы Еуропа елдеріне экспортталуда. Кәсіпорын алдағы уақытта балықты өздері өсірмек. Айту керек, Шардарадағы бұған дейін ашылған «Хамит», «Шардара балық-1» және кәсіпкер Талғат Жалғасбаевтың балық өңдеу зауыттары былтыр 4 мың тоннаға жуық 3 млрд. 2 млн. теңгенің балығын өңдеген. Ал, «Саодат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ашылуымен биыл бұл меже тағы 30 пайызға артатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Шардара су қоймасы жағалауынан 60 туристтік нысан салынбақ
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауов мәлім етті. Оның айтуынша, ауданда туризм саласын дамыту мақсатында Шардара су қоймасы жағалауынан 60 нысан іске қосылып, оған 6,7 млрд. теңгеден астам […]
Шардара ауданының әкімі таэквондадан әлем чемпионатының күміс жүлдегерін құттықтады
Таэквон-до спортынан Солтүстік Кореяда өткен әлем чемпионатында өнер көрсеткен шардаралық спортшы Рамазан Қуандық ақтық сынға дейін сүрінбей жетіп, күміс медальға қол жеткізген еді. Пхеньяннан оралған спортшыны аудан әкімі арнайы қабылдап, жеңісімен құттықтады.— Қазақстан құрамасының сапында […]
ШАРДАРАДА ҚОС МЕРЕКЕ ТОЙЛАНДЫ
Ұлы Жеңістің 72 жылдығы мен Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдық мерекесін шардаралықтар өз деңгейінде атап өтті. Аудан әкімі Болатбек Қыстауов пен аудандық мәслихат хатшысы Бұлтбай Мүтәлиев, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, тыл және еңбек […]
Пікір қалдыру