Шымкентте қала күніне орай, Қазақстан Халқы Ассамблеясының зәулім ғимаратында Республикалық деңгейде өткен «Жайдарман» ойындарына Батыс Қазақстан облысы, Алматы облысы, Қызылорда облысы, Жамбыл облысы, Алматы қаласы, Маңғыстау облысы, Жетісай мен Түркістан, Шымкент қалаларының намысын қорғаған үздік 11 құрама командалар қатысып, қала әкімінің кубогі үшін өзара кім мықтыны анықтады. Айтак кету керек, сайыс шарты бойынша әр қатысушы команда 7-8 минуттың ішінде бар өнерін ортаға салып көрерменнің көңілінен шығуға тырысу керек. Тартысқа толы болған ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Нақтыра айтқанда, І орынды Маңғыстау облысынан келген Боранқұл құрамасы жеңіп алып, сыйақыға тағайындалған 1 000 000 теңгені қанжығасына салды. Ал, ІІ орынға қызылорда облысының Жаңақорған ауданынан келген жастар лайықты деп табылып, 300 000 теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды. Үздік үштікті Мақтаарал ауданының Жетісай қаласынан келген «Сырдария» командасы түйіндеп, 200 000 теңге ге қол жеткізді. Бұл жайдарман сайысында «Үздік ойыншы» номинациясы Ұлан Мамырбекұлына бұйырып 100 000 теңге сыйақы алд.!
Ұқсас жаңалықтар
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ ТУРАЛЫ ЗАҢДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Бүгінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында қаралған өзгерістерге сай көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестіктері институтын немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформа іске асырылуда. Аудан әкімдіктері тарапынан тұрғындар арасында жаңа реформаның тиімділігі бойынша түсіндіру шаралары […]
Шымкентте оңтүстіктегі үш облыс халқына қызмет көрсететін диабет орталығы ашылды
Шымкент қаласында облыстық эндокринология диспансерінің базасында Аймақтық диабет орталығы ашылды. Аталған орталық көршілес Қызылорда, Жамбыл облыстарының тұрғындарына да мамандандырылған көмек көрсетеді. Мұнда қант диабетімен сырқаттанатын науқастарға заманауи емдеу және диагностика тәсілдері қолданылады. Науқастардың гликемиялық көрсеткіштерін […]
Жайдарманнан Кентау қаласы әкімінің кубогы ойнатылды
«Туған жер – алтын бесігім» облыстық фестивалі аясында Кентау қалалық оқушылар үйі, Шымкенттегі Кентау қаласының күндеріне байланысты «Болашағымыз — балалар» тақырыбында балаларға базарлық іс-шарасының ұйымдастырды. Шымкент қаласының бүлдіршіндеріне арнап жасалған арнайы бағдарламаға сәйкес, қазақ тілінде […]
Пікір қалдыру