Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын іске асыру мақсатында аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен аудандық «Жігіттің сұлтаны» сайысы өтті. Жүзден жүйрік таңдаған аталмыш шара Қараспан ауыл округі, Есенберлин атындағы жалпы орта метебінде ұйымдастырылды. Шарада үміткерлер «Мен қазақтың ұлымын!» және«Мақал — сөздің мәйегі», «Жігітке жеті өнерде аз», «Нысана көздеу» секілді байқаулар арқылы өзара бақ сынады.Сонымен қатар, 9 үміткер қатысқан сайыс барысында өзге үміткерлерден озық болып, жақсы нәтедие көрсеткен Шұбарсу ауыл округінен келген Серікбаев Ғарифулла ерекшеленіп, І орын иеленгенін айта кеткен жөн. Мұнан бөлек, жүлделі ІІ орын Қажымұқан ауыл округінен Төреш Сұлтанмахмұтқа бұйырды. Ал, Шұбар ауыл округінен келген Даумеков Құдияр ІІІ орын тұғырынан көріне білді. Жеңімпаздар аудандық «Жастар ресурстық орталығының» алғыс хаты және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
«SAFARI SHARDARA» ШАҚЫРАДЫ!
Түркістан облысында 26 қазан күні, яғни ертең алғаш рет «Safari Shardara» халықаралық фестивалі өтпек. Айтулы шарада қонақтар Қызылқұм өңірінің табиғатымен кеңінен танысып, құм қойнауы мен теңіз жағалауындағы түрлі ойын-сауықтар, спорттық жарыстары өтеді деп жоспарланып отыр. […]
Отырарда өткен қала жастарының ауылдағы күндері: сайыс жеңімпаздары марапатталды
Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен Отырар ауданындағы «Алаш» этноауылында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық кодты сақтау және жүзеге асыру мақсатында «Ауылдағы бір күнім» жобасы өтті. Қала жастарынан құрылған 5 команда ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту, […]
«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» музейінде латын әліпбиіне көшу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу жөнінде түсіндірме жұмыстары бойынша зиялы қауым өкілдерімен басқосу өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған басқосуға Түркістан қалалық мәдениет және […]
Пікір қалдыру