Бүгінде қазақ-қырғыз тек туған-туыс ғана емес, болашақтың бағытын бірге бағдарлап, бір мақсатқа қол созған мүдделес екі мемлекет. Екі халықтың арасындағы қарым-қатынастар – саяси, экономикалық сауда және руханият саласында болсын – өте жоғары деңгейде дамуда. Енді, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру ісі саясат сахнасындағы жаңа кейіпкер Сооронбай Жээнбековке артылған сенім. Демек, мемлекет басшысы ішкі тұрақтылық пен басқа мемлекеттермен сыртқы байланысты реттеу мәселесінде таразының екі басын тең ұстауы қажет. Осы мақсатта күні бүгін Бақытжан Сағынтаев пен Қырғызстанның Премьер-Министрі Сапар Исаков бастаған делегация өкілдерінің екі ел тарапымен жасаған келіссөзі. Бұл ауқымы кең басқосу экономикалық байланыстар бойынша, жан-жақты мәселелерді талқылап, алдағы мақсаттарды айқындап берген кездесу болды. Онда 2017 жылдың 19 қазан күні түнгі сағат 12-ден бастап, екі елдің шекараларынан өтуде басым бағыттардың тәртібі қамтамасыз етілетіндігі жөнінде келісілген. Демек, екі жақты тауар айналымы да ретеледі деген сөз.
Ұқсас жаңалықтар
Екі ел арасындағы жылы лебізді Оңтүстік жұртшылығы зор ықыласпен қабылдады
Күні кеше көршілес, бауырлас Қызғызстан халқы өздерінің жаңа басшыларын сайлап алды. Сооронбай Жээнбеков сайлаушылардың 52,55% дауысын жинап, жеңіске жетті. Көрші мемлекеттегі саяси оқиға біздің елге тікелей байланысты. Әрі түбі бір түркі тілдес халықтар қатарындағы туыстас […]
Мекемтас Мырзахметұлы: «Киіз сатсаң – көршіңе сат…»
Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевтың айтқан уәжіне қатысты Оңтүстіктің зиялы қауым өкілдері пікір білдірді. «Қырғыз елі – Жаратқанның өзі о баста көрші етіп қойған, Қазақстан үшін аса маңызды мемлекеттердің бірі. Қазақта «Киіз сатсаң – көршіңе сат, […]
Бағдат Төлегенов: Қазақстан мен Қырғызстан 43 тармақ бойынша бір мәмілеге келіп отыр
Елдің аумағы арқылы басқа мемлекеттердің жүгі мен жолаушыларын тасымалдау қосымша кіріс әкеледі. Транзиттік көлік дәліздерінің дамуы ішкі құрлықтық жағдайдың минустарын азайтады. Осы мақсатта кеше Қазақстанның Премьер-министр өз ойын айтты. «Біз Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы жол […]
Пікір қалдыру