Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болащаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мен ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Іскер әйелдер кеңесімен» бірлесе жастардың бойына тұлғалық қасиеттерді дарыта отырып, бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында арнайы «SARSENBILIK SATTI SUHBAT» жобасы жүзеге асырып жатыр.Осыған орай, жобада табысты бизнеске бағытталған қадамдар мен бақытты отбасының құпиялары, мансаптық өсу ережесі және тұлға ретінде қоғамда қалыптасу бағыттары бойынша сұхбаттар өтеді. Жобаның екінші кездесуі кәсіпкерлік тақырыптарына арналғанын айта кеткен жөн. Арнайы қонақ ретінде «Айкан» сүт өнімдері жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізін қалаушы, директоры Айқан Алмагуль Кудайбергенқызы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Абубакиров Асқар Бегдаулетұлы және Шымкент қаласында 3 компаниясы, 6 әлеуметтік жобасы бар 24 жасар жам кәсіпкер Тохтар Алимбеков келіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Кездесуде жастардың қызығушылықтары мен қазіргі жағдайдағы мүмкіндіктері талқыланып, жеке сұхбаттармен жалғасты.
Ұқсас жаңалықтар
Арыста шағын кәсіпкерлік қанат жайып келеді
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жылда халыққа арнаған Жолдауларының басым бағыттарын кәсіпкерлікті дамытуға арнап келеді. Шаруаларға көптеген жеңілдіктер ұсынылып, мемлекеттік бағдарламалар бекітіліп, мол өнім алуға өз септігін тигізуде. […]
Ордабасы ауданында кәсіпкерлер тәжірбиесімен бөлісті
Ордабасы аудандық ауыл шаруашылық бөлімі мен Бөржар ауыл округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен, «Александровский сад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Alma Ata Teknik Tarim San. ve Tik LTD» компаниясы басшыларының қатысуымен «Өнеркәсіптік негізде қарқынды алма бау мен сүйекті […]
Түркістан облысында «Жас кәсіпкер» бағдарламасы жемісін бере бастады
Түркістандық жастар «Жас кәсіпкер» бағдарламасы арқылы несие алып, кәсібін жүргізуде, деп хабарлайды Күнгей.kz облыстық Жастар орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ахан Рахымбердиев — Түркістан облысында «Жас кәсіпкер» бағдарламасы арқылы несие алып, бүгінгі таңда өз кәсібін жүргізіп отырған […]
Пікір қалдыру