Көксәйек ауылында «Қазақстанның эволюциялық дамуы – ұлт өркендеуінің алғышарты» Қазақстанның үшінші жаңғыруы және рухани жаңғыру мақсаттарын жүзеге асыру бойынша тарих ғылымдарының докторы, профессор, РЖҒА және ХТҒА академигі Саттар Фазылұлы Мажитовпен және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік университетінің ғалымдары мен ОҚО ішкі саясат басқармасы жанынан құрылған «Ақпараттық талдау орталығы» КММ директоры, тарих ғылымдарының докторы Сейдулла Ибадуллаұлы Айкөзовпен кездесу өтті.Елбасымыздың мақаласында атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып Саттар Фазылұлы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бар күш- қайратымызды жұмсау керектігін айтты.Кездесуге жиналған қауымды арнайы бейнероликпен таныстырып, тақырып төңірегінде өз пікірімен бөлісті. «Бұл кездесулердің бастамашысы – облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы. Біз бүгінгі жиында үшінші жаңғыру мен рухани жаңғыруды байланыстырып отырмыз, мақсатымыз сіздермен сұхбаттасу, ойларыңызды білу, пікір алмасу. Өйткені, үшінші жаңғыру тек қана өндіріс емес, қоғамның барлық тұсынан дамуы, оған қосатын әрбіріміздің үлесіміз», -деді Саттар Фазылұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстікте жаңа жоба қолға алынды
Оңтүстікте жастарды кәсіпке баулу және қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынған «Жас кәсіпкер» жобасы таныстырылды. Жобаны «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микроқаржы ұйымы бірлесе қолға алып отыр. Брифингке осы мекеме өкілдері қатысып, журналистерге «Жас […]
ОҚО-да биыл 200 тонна құс етін өндіретін кәсіпорын іске қосылмақ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында биылғы жылы 20 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Осының бірі құс етін өндіретін «Ленгер құс» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі. 20 мүшенің басын қосатын ауылшаруашылығы кооперативіне біріккен құс фермасының құрылысы аяқталуға […]
ОҚО-ға «Интеллект-эксперт» әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының өкілдері келді
ОҚО әкімдігінде өткен жиында «Интеллект Орда» Халықаралық әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді ықпалдастыру институтының бас директоры, тарих ғылымының докторы, профессор, академик — Саттар Мәжітов, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик […]
Пікір қалдыру