Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кезекті мәжілісінде аймақ басшысы Ж.Түймебаев бюджет қаржысының игерілмеуіне қатысты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің жұмыстарына қанағаттанарлықсыз деген баға берді.«Бюджет қаражатын тиімді және мерзімінде игеру әрбір мекеме басшысының басты мақсаттарының бірі болу керек екенін айтқан облыс әкімі қазынадан бөлінген қаржыны дұрыс ұқсатпаған басшылар жазаланатынын жеткізді. «Біздің осы бағыттағы жұмысымызды Мемлекет басшысы мен Үкімет қатаң бақылауға алған. Осыған сәйкес біз бюджет қаражатын игеру мәселесін тұрақты түрде ай сайын қарап, талқылаймыз. Алайда, қаржы басқармасының бүгін жасаған баяндамасына сәйкес, облыстық басқармалардың және аудан, қала әкімдерінің бюджет қаражатын игеру бағытындағы жұмыстары төменгі деңгейде болып отыр. Сонымен қатар, былтырғы жылдан бері бюджет қаражатын игеру бойынша берілген тапсырмалар орындалмағаны белгілі болды. Осы ретте, бірқатар облыстық басқарма басшыларының және аудан, қала әкімдерінің бюджет қаражатын игеру бойынша жұмыстарына қанағаттанарлықсыз деген баға беремін»,-деді Ж.Түймебаев.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да шетел жұмыс күші есебінен жергілікті бюджетке 1,4 млдр теңге түсті
Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылға шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуға 4983 бірлік квота бөлінген. Квота негізінде 88 кәсіпорын мен ұйымда 3307 шетел азаматтарына рұқсат берілді. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық […]
Созақта жалпы өңірлік өнім көлемі 140 миллионға жуықтады
Биылғы жылдың 8 айының қорытындысымен Созақ ауданының жалпы бюджетке 52 млрд. 508 млн. 626 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 120,9 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде жергілікті бюджетке 4 млрд. 903 млн. 85 мың теңге қаржы түскен. […]
Жамантай Бейсенбаев Мақтаарал ауданының әкімі қызметіне тағайындалды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және Мақтаарал аудандық мәслихатының келісімі бойынша Мақтаарал ауданының әкімі лауазымына Жамантай Қанайұлы Бейсенбаевты тағайындады. Әкімді аудан активіне арнайы таныстырған аймақ басшысы алдағы жұмысына […]
Пікір қалдыру