Дәулет Сүйінтаев: Қазақ-қырғыздың 6 айдағы сауда айналымы 399,2 миллион долларды құраған

Қырғыз президенті Алмасбек Атамбаевтың Қазақстан билігі жайлы кереғар пікірі айтып, қос ел арасындағы ынтымақтастыққа секем түсіргісі келгені әмбеге аян. Осыған орай, отандық кәсіпкерлер өз ойларын ортаға салуда.

«Қазіргі уақытта Қырғызстанда экономиканың әр түрлі салаларындағы 400-ге жуық қазақ-қырғыз кәсіпорындары жұмыс істеп жатыр. Естеріңізде болса, соңғы рет қырғыз ағайынның бастамасымен ұйымдастырылған кездесудің соңында жұмыс тобы құрылып, оны қос мемлекеттің бірінші вице-премьерлері басқаратын болды. Екі ел Премьер министрлерінің кездесуінен кейінгі келісімдер көңілді қуантқанын айта кеткен жөн. Оның ішінде, айту керек Қазақстан күні бүгінге дейін Қырғыз экономикасына 800 млн доллар инвестиция салған. Ал, тауар айналымы соңғы жеті айдың қорытындысы бойынша 28 пайызға өсіп отыр. Мұнан өзге, Қазақстан Республикасының Қырғызстан Республикасымен сауда айналымы 2017 жылдың қаңтар, шілде айлары аралығында $399,2 млн-ды құраған. Сонымен қатар, өткен жылдың осы кезеңімен ($311,6 млн) салыстырғанда 28,1%-ға ($87,6 млн) ұлғайған.Мұның барлығы кәсіпкерлер мен елдің әл-ауқатының түзелуіне оңды ықпалы мен әзерін тигізетіні анық деп білемін. Бастысы Қызғыз еліндегі әріптестерімізбен байланысымыз одан әрі нығай түсетініне сенемін»,- дейді Шымкенттік «ROTO-PRIME» ЖШС директорының орынбасары Дәулет Сүйінтаев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*