Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданындағы «Домалақ ана» кесенесі жанынан жаңа қонақ үй кешені пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, лентасын қиды. Салтанатты шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.«Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Қазақстанның киелі жерлерінің картасын әзірлеу тапсырылған болатын. Аталған жоба аясында өңіріміздегі бірқатар қасиетті жерлерді жаңғырту, қайта қалпына келтіру шаралары қолға алынды. Солардың бірі — «Домалақ ана» кесенесі бүгін қайта жаңғырып, келушілерге жаңа қонақ үй кешенін ұсынып отыр. Жалпы қазақ халқы үшін Домалақ ананың орны бөлек. Ендеше, жаңа кешен, кесененің жаңғыруы құтты болсын!», — деді Жансейіт Қансейітұлы.Ана рухын құрметтейтін жанашыр азаматтардың демеушілігімен бой көтерген кешенде зиярат етушілерге барлық жағдай жасалған. Онда қонақтарға арналған жатын бөлмелер, асхана, киіз үй пішіндес орындықтар мен өзге де тұрмыстық ғимараттар бар. Қонақ үйді аралап көрген өңір басшысы алдағы уақытта «Домалақ ана» кесенесіне зиярат етушілердің қатары арта түсетініне сенім білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да механикалық зауыттың модульдік сүт қабылдау бекеттерін жинау өндірісі басталды
Биыл Шымкент механикалық зауытының базасында модульдік сүт қабылдау бекеттерін жинау өндірісі басталды. Бұл модульдер кооперативтерге қосымша кепілсіз және алдын ала төлемсіз берілетін атап өту қажет. Бекеттің 50% құны субсидия ретінде мемлекет төлейді, яғни 2,5 млн. […]
ОҚО-да 34 нысанды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жүзеге асыру жоспарлануда
Оңтүстік Қазақстан облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитовтің айтуынша, жалпы облыстық әкімдіктің бастамасымен 34 жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы іске асыру жоспарланған. Заң талаптарына сәйкес тиісті құжаттары рәсімделген 18 жобаның тізбесі облыстық […]
ОҚО-да 500 мыңға жуық адам жаңа орталықтандырылған су жүйесіне қосылған
Оңтүстік Қазақстан облысында 2011-2016 жылдары 73,9 млрд.теңгеге 268 нысанның құрылысы жүргізіліп, 178 елді мекендегі 469 мың адам жаңа орталықтандырылған су жүйелерімен қамтылған. «Халықты ауыз сумен қамту бойынша біздің облыстың көрсеткіші республикада қалалар бойынша 92,9 пайыз, елді […]
Пікір қалдыру