2030 жылға қарай Шымкент әуежайынан жылына 3 миллион жолаушы ұшпақ

ОҚО-да жолаушылар хабы құрылысының жобасы бүгінгі заман талабынан туындаған жоба ретінде бағалай отырып, әкімдік тарапынан әуежайдың аумағын кеңейту, инфрақұрылым құрылысы мен автомобиль жолдары жүйесін жолаушылар ағынына сай дамыту бойынша бірқатар ұсыныстарды жеткізді. Бұдан бөлек, аймақ басшысы туристік әлеуеті мол өңірде екінші темір жол вокзалын салу жайы мен Ташкент-Түркістан бағытында  темір жол қатынасын дамытуды ұсынды.Мәжілісте сонымен бірге, Қазақстан темір Жолы» ҰК» АҚ Президенті Қанат Алпысбаев «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасында басымдықты миллион тұрғыны бар Алматы мен Шымкент қалалары дамыту хабы ретінде қарастырылғанын мәлімдеді. Осы қалалардың дамуы Алматы мен Шымкент агломерациясын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарлары аясында жүзеге асырылатынын да атап өтті.

«Бағдарламада сонымен бірге Шымкенттегі әуежай хабының құрылысы қарастырылған. Қазіргі уақытта Шымкент әуежайы еліміздің қарқынды дамып келе жатқан әуе айлақтарының бірі болып табылады. 2014 жыл мен 2016 жылды салыстырғанда жолаушылар тасымалының өсуі 40% -дан асады. Lufthansa Consulting Gmbh компаниясы әзірлеген әуежайдың даму стратегиясына сәйкес 2030 жылға қарай трафик көлемі жылына 3 млн адамға жетеді. Шетелдік авиакомпаниялар осы облыстан Үрімші, Киев, Дели, Дубай Тегеран, Пекин, Прага бағыттары бойынша рейстер ашуға қызығушылық танытуда.  Оңтүстік Қазақстан облысы — тарихи тұрғыдан маңызды аймақ, ол шетелдік туристердің қызығушылығын тудырады. Аймақтың туристік кластерін дамыту аймақтың тиімді экономикалық дамуына ықпал етеді және әуежайдың өндірістік қуаттылығының өсуіне ықпал етеді»,-деді Қанат Алпысбаев.

Баяндамалышарды тыңдап өз ойын білдірген  Асқар Мамин Шымкент — республиканың негізгі индустриялық, туристік және мәдени орталықтарының бірі екенін айтып, миллионға жуық халқы бар бұл қаланың дамуына  Мемлекет басшысы да ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

Оңтүстік Қазақстан облысы — еліміздің ең маңызды көліктік хабы екенін айтқан А.Мамин кездесу қорытындысы бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне әуежай мен әуежай инфрақұрылымының тұжырымдамалық дамуы бойынша ұсыныстар әзірлеп енгізуді тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*