ОҚО-да «AGRITek Shymkent-2017» көрмесі аясында семинар-кеңес өтті

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 59 гектар жаңғақ пен 7 гектар бадамша егілді.  Сондай-ақ,  тамшылатып суғару әдісі 7,5 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 58,5 мың гектарға жетіп отыр.  Бұдан бөлек, жылыжайлар көлемі 1294 гектарға артып, республикадағы үлесі 80 пайызды құрады. Бүгін бұл туралы «AGRITek Shymkent-2017» халықаралық көрмесі аясында өткен семинар-кеңесте Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.«Ауыл шаруашылығы саласына заманауи технологияларды енгізбей жетістікке жету өте қиын. Осы орайда мемлекет тарапынан жаңадан алынатын ауыл шаруашылығы техиникалары мен жабдықтарға 25 пайыздан 50 пайызға  дейін инвестициялық субсидялар беріле бастады. Бұдан бөлек, өнімді жоғарлатуға мүмкіндік беретін жағары сұрыпты тұқым мен тыңайтқыштарға арнайы субсидиялар қаралып отыр.  Оған қоса, көктемгі дала жұмыстарына 2 пайыз, ал өзге бағыттарға 6-8 пайыз жеңілдетілген несиелер берілуде. Бұл ауылшаруашылығы саласының өнімділігін арттыруына, яғни шаруаның мол және сапалы өнім алуына бағытталған мемлекеттік қолдау болып табылады»,  -деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*