Кәсіп бастағыңыз келсе

Сұранысқа ие мамандыққа машықтанып, кәсібіңізді де дөңгелетуге болады. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы  аясында осындай мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады. Еңбекке епті күнгейліктер осылайша жұмыспен қамтылып, табыстарын еселеп отыр.

Шымкенттік Сыздықовтар сондай отбасылардың бірі. Бұл отбасы жылыжай шаруашылығымен айналысады. Жеңілдетілген пайызбен 5 млн. теңгенің несиесін алған олар 9 соттық жерге қияр мен қызанақ егеді. Алғашқы жиын-терімнен 15 тоннаның өнімін алған олар қазір жергілікті нарықтан бөлек Тараз, Қызылорда, Байқоңыр қалаларына да қияр мен қызанақпен қамтуда. Осы науқанда өнім көлемін арттырып, 20 мың тонна көкөніс жинаймыз деп құлшынып отыр.
Ал, Наргиза Исакова бағдарлама аясында ұйымдастырылған үш айлық курсқа қатысып, тігіншіліктің қыр-сырын меңгеруде. Психолог мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған ол аталмыш бағдарламаға қатысып, кәсіптік оқуға мүмкіндік алды.
Ал сала мамандары бағдарлама аясында 12 мыңнан аса тұрғынның қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жөнелтілгенін айтады. Қазір 30 шақты орталықта білім алып жатқан болашақ мамандар білген-түйгендерін тәжірибемен ұштастыруда.
ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мұндай шараларға көбіне әлеуметтік әлсіз топқа жататын, аз қамтылған тұрғындар мен жұмыссыз азаматтар тартылуда дейді. Оның сөзінше, бүгінде күнгейліктер бағдарлама межесін 90 пайызға игерген көрінеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*