Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылы 17 мың педагог біліктілігін арттырды. Сондай-ақ, аудандарда мобильді топтар құрылып, облыстың алдыңғы қатарлы мұғалімдері әріптестеріне он-лайн режимінде сабақ өткізіп, озық тәжірибелерімен бөлісуде. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлім етті. Оның айтуынша, өңірдегі 61 мектеп биология, химия, физика және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуды бастаған пилоттық мектептердің тізіміне еніп отыр. Сонымен қатар, облыс бойынша 18 жасқа дейінгі даму мүмкіндігі шектеулі бала саны 35 мыңнан асқан. Облысымызда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған арнайы 12 мектеп-интернаттар, 5 балабақша мен кеңес беру мекемелері және оңалту орталығы қызмет етеді.«Сондай-ақ, «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы негізінде облыста 2017-2018 оқу жылында 75 мыңға жуық студент білім алуда. Облыстық бюджет есебінен 91 мамандық және 160 біліктілік бойынша мамандар даярлануда. Аталған мемлекеттік бағдарлама аясында көпбалалы отбасынан 3 мыңға жуық бала, 220 жетім бала және аз қамтылған отбасынан 8 мыңнан астам бала білім алуда», — деді Исатай Өмірзақұлы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-дағы ХҚКО-да судаудармашылар мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетеді
«ХҚКО» департаментінің директоры Еркебұлан Әлсеиітов, 2017 жылғы 1 наурыздан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияда сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болғанын мәлімдеді. Ол бойынша адамдарға ымдау тілінің кәсіби […]
ОҚО-да орташа жалақы мөлшері 101 мың теңгеден асқан
Оңтүстік Қазақтан облысында ағымдағы жылдың көрсеткіші бойынша орташа жалақы мөлшері 101 117 теңгені құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға артып отыр. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық статистика департаментінің бастығы […]
ОҚО-да трансформатор зауыты іске қосылады
Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Asia Trafo» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қуаттылығы 110-120 кВт болатын жоғары кернеулі трансформатор шығаруды қолға алғалы отыр. Қуат реттегіш жасайтын зауттың құрылысы өткен жылы салына бастаған нысанды. Дегенмен нысанды іске қосу жұмыстары 2018 […]
Пікір қалдыру