ОҚО-да трансформатор зауыты іске қосылады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Asia Trafo» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қуаттылығы 110-120 кВт болатын жоғары кернеулі трансформатор шығаруды қолға алғалы отыр. Қуат реттегіш жасайтын зауттың құрылысы өткен жылы салына бастаған нысанды. Дегенмен нысанды іске қосу жұмыстары 2018 жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отырғанын айта кеткен жөн. «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан құрылыс жобасының барысымен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы танысып,  атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

 «Алдағы жылы зауыт іске қосылса, 220 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Бұл өте жақсы дүние. Ең бастысы – қазіргі таңда кәсіпорында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беруге болады. Сондықтан жұмысты жоспарлы түрде жүргізіп, зауытты ертерек іске қосуға мән берген жөн»,- деді Ж. Түймебаев.   

Айта кетейік, кәсіпорын кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында жүзеге асырылуда. Ал жоба құны 17,5 млрд. теңгені құрайды. Зауыт жылына  120 трансформатор шығаруға қауқарлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*