Оңтүстікте «Атамекен» жобасы шеңберінде 2 миллиардтан астам қаржыға түрлі шаралар атқарылатын болады

Оңтүстікте Елбасы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Атамекен» жобасы бойынша құны 2,3 миллиардтан астам 200-ден астам жоба  жасақталған. Оның ішінде атап өтуге боларлығы, Бәйдібек ауданындағы Шаян селосынан футбол алаңы салынып жатыр. Шардара қаласында «Чемпиондар» аллеясы ашылды.  Отырар ауданындағы саябақ  та қолданысқа берілді. Сонымен қатар, «Отау строй» компаниясының демеушілігімен Шымкент қаласында 110 орындық инклюивті білім беретін арнаулы түзету балабақшасының құрылысы басталды.  Міне осыған ұқсас азаматтардың шешімін таппай отырған әлеуметтік мәселелерін шешу жолында көптеген жұмыстар атқарылатын болады. Бұ жайлы Оңтүстік Қазақстан облысында қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия отырысында мәлімделінді.

Сондай-ақ, «Тәрбие және білім» бағдарламасы аясында «Ұл мен қыз ұлт намысы» жобасы жүзеге асырылмақ.  Негізгі мақсаты, Қазақстандық патриоттық рухты бойына сіңірген жан-жақты дамыған ұл мен қызды тәрбиелеу. бұл тұрғыда да барлық санаттағы оқушылар шара көлемінде қамтылмақ.Ал, «Қасиетті Қазақстан» жобасында ежелгі түркі дәуірінен ислам дәуіріне және қазақ елінің тарихындағы  халық қасиетті, киелі деп қабылдап, тағзым ететін орындардың тізімін жасау. Соның ішінде Республикалық тізімге ілігетіндерін іріктеп алып, қалғаны бойынша облыстық деңгейде жұмыстар жүргізілмек. Мәселен, Отырар төбесін бүгінде саяси-киелі орын деп атауға болады. Қазығұрт төбесінде сол санатқа қосуға болады. Міне осыларға тағзым ету жүйесін қалыптастырып, халыққа үйрету қажет.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*