Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес барлық аудандар мен ауыл округтерінде әлеуметтік дүкендер мен базарлар ашу тапсырылғаны естеріңізде болар. Осыған орай, берілген тапсырмаға сай бүгінде аудан орталығында аудан әкімдігінің қолдауымен әлеуметтік азық-түлік дүкені ашылды. Аталмыш әлеуметтік сауда орнын жеке кәсіпкер Ербол Пазылбековтің халық игілігі үшін ашқан сауда орнында күнделікті тұтынатын тауарлар бағасы нарықтағы бағамен салыстырғанда 15-20 пайыз төмен сатылып жатыр. Сонымен қатар, жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың да тауарлары арнайы әкелініп, халыққа ұсынылып отырғанын айта кеткен жөн. Әлеуметтік азық түлік дүкенінің ашылу салтанатына Отырар ауданы әкімінің орынбасарлары Рыскелді Әліш, Пердехан Жаппарқұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев және тиісті сала басшылары арнайы келіп қатысты. Өйткені, мұндай халық игілігі үшін маңыздылығы айрықша әлеуметтік дүкендер алдағы уақытта өзге де ауыл округтерінде ашылады деп күтіліп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Отырар туризм орталығына айналмақ
Елбасымыз Н.Назарбаев шикізатқа тәуелділіктен құтылып, бюджет қоржынын өзге салалармен, атап айтқанда туризм кластерін дамыту арқылы толтыруды міндеттеген болатын. Соңғы жылдары осы бағытта көптеген шаруалар қолға алынуда. Бүгінгі таңда Арыстанбаб және Отырартөбенің айналасын абаттандыру жұмыстары басталды. […]
Отырар ауданында жаңа мәдени ошақтар бой түзеп жатыр
Отырар аудандағы туристік тартымдылықты арттыру мақсатында Арыстанбаб кесенесінің алдын және Отырар төбе қалашығының айналасын абаттандыру жұмыстарының басталып кетті. Сонымен қатар, Мыңшұқыр елді мекеніндегі 300 орындық мектеп құрылысы жұмыстары жүргізіліп жатса, Аққұм ауылынан 100 орындық Мәдениет […]
Отырарға облыстық насихаттық топ келді
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылға арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасының арттуы» атты Қазақстан халқына арған Жолдауын халыққа кеңінен түсіндіру, жан-жанты насихаттау мақсатында ауданымызға облыстық ақпараттық- насихаттық топ мүшелері келді. Аудан тұрғындарымен […]
Пікір қалдыру