Оңтүстік Қазақастан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Ақсукент ауылында орналасқан «Бірлік -4» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барасымен танысты. Жалпы аумағы 5 гектарды құрайтын жобаның жалпы құны 2016,7 млн теңге. Оның 350 млн теңгесін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында алған. Кәсіпорын 2018 жылдың шілде айында іске қосылады деп күтілуде. Жоба қуаттылығы 1,2 млн банка көкөніс консервілеу және 40 мың тонна көкөніс сақтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорын толық іске қосылғанда 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.Қазір мұнда консервілеу цехының құрылысы аяқталып, құрал-жабдықтарға тапсырыс беріліп қойған. Сондай-ақ көкөніс сақтайтын 8 дана қойма құрылысын салу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда сиымдылығы 5 мың тонналық 1 қойма іске қосылған. Басқа қоймалардың құрылысы аяқталу сатысында. Барлық қоймалардың жалпы сиымдылығы 40 мың тоннаны құрайды. Жұмыстың барысымен қаныққан облыс әкімі аграрлы аймақ үшін мұндай қоймалардың аса қажет екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі туған жерді түлетуге кәсіпкерлерді жұмылуға шақырды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық Кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен өткен еркін форматтағы кәсіпкерлер кездесуіне қатысты. Жиынды ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубакиров жүргізіп отырды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары мен өңір кәсіпкерлері және […]
Сайрамда сүттен 30 түрлі өнім өндіреді
Ет өндірумен қатар Сайрам ауданы сүт өнімдерін өндіру мен өткізуде алдыңғы қатарда. Осындай сүт өңдеумен айналысатын кәсіпорынның бірі Қарасу ауылындағы сүт өнімдері мен биокефир шығаратын «Сайрамсүт» ЖШС-гі. Өндіріс орнында күніне 20 тонна сүт өңделеді. Серіктестік […]
Сайрамда 3 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған
Сайрам ауданында «Кәсіпкерлік бастамашылықты ынталандыру» бойынша 2017 жылы аудан аумағында салалық бағдарламалар аясында 4868 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған болатын. Осыған орай, ауданда 10 айда 3421 жұмыс орындары ашылғанын айта кету қажет. Ал, жұмыспен қамту […]
Пікір қалдыру