Ордабасы ауданының орталығында жергілікті тауар өндірушілердің апта сайын өткізілуі жоспарланған жәрменкесі 3 рет өткізіліп жатыр. Сонымен қатар, жәрменкеге кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен «Оңтүстік» Азық-түлік компаниясы» келіп, қатысып тұрақтандыру қорынан әлеуметтік тауарларды (картоп 1кг-85т, сәбіз 1кг-80т, пияз 1кг-50т, макарон өнімдері 1кг-145т, күріш 1кг-180т, құмшекер өнімі-170т) тұрғындарға қол жетімді бағада ұсынып отырғанын ерекше айта кету керек.Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлының, «Атамекен» әлеуметтік дүкендері желісін кеңейту тапсырмасы бойынша, бүгінгі таңда аудан орталығында 3 әлеуметтік дүкен (Шұбарсу, Төрткөл, Бадам ауылдық округтерінде) және «Әлеуметтік халықтық базар» жеке кәсіпкер «Жан алтын» көкөніс базарында ұйымдастырылып жатыр. Нәтижесі де жаман емес. Әлеуметтік халықтық базардағы аса маңызды ауылшаруашылығы тауарларының бағасы жұмыртқа I-категория 1 дана 23-24 теңге, картоп 1кг-85 теңге, сәбіз 1кг-80 теңге, пияз 1кг-50 теңге, қырық қабат 1кг-45 теңге. Құс еті 1кг- 580 теңгң.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкент: Балаларға базарлық таратты
Шымкент қаласының Әділет департаменті бүлдіршіндерді 1-маусым- Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтады. Нақты айтқанда, жалғызбасты, көпбалалы аналарға және олардың перзенттеріне азық-түлік пен ойыншықтар сыйға тартты. Әсіресе, жауапсыз әкеден алимент өндіре алмай жүрген ана мен баланы […]
Ж.Түймебаев: Азық-түлік бағасын төмендетуде қоймаларды тиімді пайдалануымыз қажет
Азық-түлік бағасын төмендетуде қоймаларды тиімді пайдалануымыз қажет. Оңтүстік Қазақстан облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында сараптама жұмыстары жүргізілуі тиіс. Ол үшін арнайы жоспар құрып, мониторинг жасалуы қажет. Екіншіден, өзімізде өндірілген тауарларды сақтау мәселесіне мән беруіміз керек. […]
Одабасы ауданындағы Қ.Спатаев ауылында ауыз су жүйесі іске қосылды
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Төрткүл ауыл округіндегі Қарсыбай Спатаев ауылындағы ауыз су жүесінің іске қосылу шарасына қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.Жаңа тартылған су құбырының ауыл […]
Пікір қалдыру