Қазір Арыс өзенінің Отырар ауданы аумағындағы жағалауын көріктендіру-көкалдандыру жұмыстары қызу қолға алынып жатыр. Сол себепті, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған уақытта Арыс өзенінің маңы аудан тұрғындары мен қонақтары демалатын керемет демалыс аймағына айналатыны сөзсіз. Себебі, бүгінде демалыс орынының инфроструктурасы қайта жаңғыртылып, заман талабына сай безендірілген. Мұнда қазір демалушыларға арналған орындықтар, жарық шамдары мен қоқыс жәшіктері қойылғанын айта кету керек. Десек те аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы мердігерлерге көшеттің бір – екі түрлерін ғана емес, әр түрлі декаративті ағаштар мен көшеттер отырғызудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Бүгінгі таңда Арыс өзенінің арнасын таспен қаптау жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Мұнан бөлек аудан басшысы Ерлан Айтаханов, демалушыларға арналған кешеннің көрікті жерінен Ұлы отан соғысының батырлары мен жауынгерлеріне арнайы ескерткіш пен мемориалдық кешен бой көтеруі тиістігін сала басшыларына мықтап тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
«ТАРЫДАЙ БОЛЫП КІРЕСІҢ …»
«Білім күні» мерекесінің әрбір адам өмірінде алар орны ерекше. Әсіресе, мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын балалардың жүрегінде бүгінгі күн мәңгіге сақталады. Бүлдіршіндер үшін бұл сәулелі сәт қана емес, сонымен қатар жарқын болашағына жасайтын маңызды қадам да. […]
Түлкібаста тағы бір демалыс орны ашылды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әрбір өңірдің өз мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасына орай, тау бөктерінде орын тепкен Түлкібас ауданы, Керейт ауылында отбасылық демалыс орталығы ашылды. Тау бөктеріндегі тамаша табиғат аясында орналасқан […]
Отырардағы жиында өзекті мәселелер қаралды
Бүгін аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Жиынды аудан әкімі Ерлан Айтаханов ашып, жүргізіп отырды. Жиынның күн тәртібінде аса жұқпалы инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитарлық-эпидепмияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың орындалуы мен Отырар ауданының 2017-2018 жылғы жылу […]
Пікір қалдыру