Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, бірінші кезектегі «Астана» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Осылайша бүгін шымкенттік 96 отбасы баспаналы болып отыр. Сонымен қатар, тұрғын үй кешеннің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа қоныс берекелі және ырысы мол үлкен ордаға айналуын тіледі.«Бүгін «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы арқылы қалада салынған бірінші кезектегі 2 тұрғын үй пайдалануға беріліп отыр. Бұл үйлердің құрылысы тұрғын үй комбинаттарының өнімдерін қолдана отырып, іске асырылуы және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағытына ұқсас жүргізілуде»,-деді әкім.Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы құрылысқа 1,2 млрд. теңге көлемінде инвестиция салған еліміздегі алғашқы әлеуметтік корпарация болып отырғанын айта кеткен жөн.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-дан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне оқушылардың тоғызыншы легі аттанды
Бүгінде Шымкент қаласынан Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне оқушылардың тоғызыншы легі аттанып кетті. Шымкент қалалық білім бөлімі басшылығының мәліметінше, жолға шыққан оқушыларға бар жағдай жасалып отыр. Әрбір 10 балаға бір жетекші мен 2 дәрігер […]
ОҚО-дағы Сайрам ауданында әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды. Орталық ҚР Бас прокуратурасының «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы аясында жүзеге асып отыр. Бастаманы қолға алудағы мақсат – отбасы, ошаққасында болатын жанжалдарға тосқауыл қою, […]
ОҚО-дан солтүстікке көшетін отбасыларға қоныс шығыны өтеледі
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаты Жаңабай Ағабеков оңтүстік халқын солтүстікке көшіру ерікті түрде жүріп жатқандығын алға тартты. Оларға үкімет тарапынан да айтарлықтай көмек көрсетіледі. Нақты айтқанда, қоныс шығындары есебінде отбасы мүшелерінің әрқайссына 35 АЕК көлемінде […]
Пікір қалдыру