Оңтүстік Қазақстан облысынің әкімі Ж.Түймебаев Ордабасы ауданына жұмыс сапарын Бадам ауылында орналасқан «Ордабасы нан» ЖШС-нің жұмысымен танысудан бастады. Аталған серіктестік негізінен заманауи үлгідегі түрік технологияларын пайдаланып, сапалы ұн өнімін шығарумен айналысады. Өнім халықаралық деңгейдегі мемлекеттік талаптарға, ал өндіріс қондырғылары халықаралық стандартқа сәйкестендірілген. Алғаш рет жұмысын 2008 жылдың 2-ші тоқсанында бастаған серіктестік 2015 жылы өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен диірмен құрылысын ұлғайтып, түрік технологиясымен жаңа қондырғылар орнатылған. Нәтижесінде мұнда тәулігіне 450 тонна бидай өңделіп, ұн өнімдері өндіріледі. Бұл жобаның жалпы инвестициялық құны 2 млрд. 680 млн. теңгені құрайды. Бүгінгі таңда «Ордабасы нан» өнімдері отандық нарықпен қатар, Ауғанстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне экспортталуда.Мұнан соң облыс әкімі Бөржар ауыл округіндегі «Миграж-Б» ЖШС-нің мал бордақылау алаңын да аралап көрді. Бұл кешен бір мезетте 200 ірі қара мал мен жылқы бордақылауға ыңғайластырылған. Мұнда жылына 70 тонна ет өндіру жоспарланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі «Достық»,»Қайнарбұлақ» шағын аудандарындағы жаңа мектептерді аралап көрді
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, «Достық», «Қайнарбұлақ» шағын аудандарында осы күні ел игілігіне берілген 1200 орындық мектептерді аралап көрді. Білім ордасының жұмысымен танысқан аймақ басшысы оқушылардың еңбекке баулу кабинеттеріндегі ерлерге арналған шеберханалар мен қыздардың […]
ОҚО әкімі: Мемлекеттік қызметкердің жұмысында ең басты көрсеткіш – халыққа дұрыс қызмет көрсету
ОҚО-да соңғы 10 айдың қорытындысы бойынша ХҚКО арқылы 541 816 электронды қолтаңба берілген. Алайда электронды қызметтердің үлесі әлі де төмен. Себебі қызмет ұсынушы мемлекеттік органдар тарапынан электронды қызметтерді алу жолдары тұрғындарға өз деңгейінде насихатталмайды. Бұдан […]
ОҚО әкімі Түркістанды туризм орталығы ретінде дамыту концепциясымен таныстырды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, Сайрамдағы Ханқорған төбесінің маңында тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру бойынша өтетін алқалы жиығда келген археолог ғалымдар мен сәулетшілерге, ақсақалдарға Түркістанның даму коцепциясын көрсетті. Өңір басшысының айтуынша, киелі Түркістан шаһары айналасында тарихи-ескерткіштерден […]
Пікір қалдыру