Бүгін Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 1 – желтоқсан «Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай салтанатты мерекелік жиын өткізілді. Мәдениет үйінің фойесінде әр ұлт өкілдерінің орындауында «Менің Президентім» өлеңі оқылып, «Ақ жаулықты әжелер» ансамблі «Елбасымыз жасай берсін» әнін орындап, қала зиялыларын патриоттық көңіл күймен қарсы алды. Айта кету қажет, Елбасымыз Әбішұлы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған бейнематериал көрсетіліп, «Иассы» фольклорлық ансамблі Құрманғазының «Адай» күйін нақышына келтіріп орындаса, Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Балауса» бишілер тобы «Шаттық» биін ұсынды. Сонымен қатар, Түркістан қаласының әкімі Өсербаев Әліпбек Шәріпбекұлы мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, қала халқын мерекемен құттықтап, қаламыздың дамуына үлес қосып жүрген бірнеше азаматтарды арнайы Алғыс хаттармен марапаттады. Мұнан кейін мәдениет үйінің әншілерінің орындауындағы «Менің елбасым» әні мен хор ұжымының «Егемен Қазақстан» әні мерекенің ажарын одан әрі аша түскендей болды.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан қаласында фронт-офис ашылды
Түркістан қаласында экономикалық соттың жанынан фронт-офис ашылды. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған бастаманың мақсаты — халыққа сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін іс жүзінде қамтамасыз ету. Жаңадан жұмысын бастаған нысанның ашылу рәсіміне Түркістан облысының […]
ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ҚАЛА КҮНІН АТАП ӨТТІ
Түркістанда «Қала күні» мерекесі аталып өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы қаланың облыс орталығы мәртебесін алуымен, тарихи шаһар жаңа сипатта дами түскенін айрықша атап […]
Ж.Түймебаев: «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы Елбасының рухани жаңғыру жөніндегі бастамасымен үйлесіп, Мәңгілік Ел мұраттарымен үндесіп жатыр
Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы атанған Түркістан қаласында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы тұрақты Кеңесінің 35-ші отырысы өтті. Жиында сөз алған облыс әкімі Ж.Түймебаев түркі мәдениетін әлемге танытатын халықаралық деңгейдегі тұрақты кеңестің маңыздылығына тоқталып, түркі әлемінің […]
Пікір қалдыру