Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы Мақтаарал ауданында осы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысын саралады. Жиынға Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы Алмасбек Мамытбеков, Оңтүстік Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрайымы Зәуре Маханова, Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік палатасы Мақтарал аудандық филиалының директоры Т.Бапаев қатысқанын айта кету керек.Сонымен қатар, жиында Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторы Р.Дурменов ауданымыздағы Еңбек заңнамасының сақталуы жөнінде баяндама жасады. Оның айтуынша, 2017 жылы Мақтаарал ауданынан барлығы 105 өтініш тіркелген екен. Оның ішінде 100-і жеке тұлғалардан түскен болса, 5-еуі заңды тұлғалардан келген көрінеді. Мұнан бөлек, жеке тұлғалардың өтініштерінің ішінде 67 өтініш білім саласынан, 12 өтініш денсаулық сақтау саласынан, 21 өтініш жеке балабақшаларға қатысты екені анықталып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралдың әкімі Б.Асанов әуедоп ойнап жүр
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты ардагерлердің ерліктерін дәріптеу және өмірден өткендерін еске алу мақсатында Мақтаарал ауданында спорттың волейбол түрінен жарыс өтті. Құқық қорғау органдары, аудан әкімі аппараты, кенттер мен ауылдық округ […]
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР 10 АЙДА 32 ТОННАҒА ЖУЫҚ ЕТ ӨНДІРГЕН
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 150-ге жуық мал бордақылау алаңдары жұмыс істейді. Соның бірі – «Құдайберген» шаруа қожалығы. Шаруа қожалықтың иесі Тыстыбай Сырайловтың 2,5 гектар аумақты алып жатқан және құны 120 миллион теңгені құрайтын фермасы бар. […]
МАҚТААРАЛДЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АЯСЫНДА СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Мақтааралда ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында спорттың 5 түрінен «Ұландар достығы ұлт бірлігіне ұласады» атты спартакиада ойындары басталды. Аудандағы этномәдени орталықтарынан құралған командалар кіші футбол, волейбол, арқан тартыс, үстел теннисі, армрестлингтен жарысуда. Спартакиаданың ашылу салтанатына […]
Пікір қалдыру