Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұйымдастырған мәжіліс аясында Елбасы туралы кітап көрмесі ұйымдастырылып, арнайы әзірленген бейнефильм көрсетілді. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекетті университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., доцент А.Есенәлиев, Оңтүстік Қазақстан мемлекетті педагогикалық университетінің профессоры, т.ғ.к. С.Әбубәкіров, М.Әуезов атындағы ОҚМУ профессоры, п.ғ.д. Н.Алметов және облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак, Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Рахманбердиев хабарлама жасап, Мемлекет басшысының жалпыұлттық бірлік саласындағы салиқалы саясатын, әлемдік аренадағы биік беделін, ел экономикасын арттыру жолындағы жасампаз еңбектері туралы сөз сөйледі. Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы осы жылдар ішінде қазақстандықтардың жүрегінен орын алып, өміршеңдігін көрсеткенін, бүгінде Парламентте этнос өкілдерінен сайланған депутаттардың заң шығарушылық үдеріске қатысуы ресми тұрғыда бекітілген әлемдегі жалғыз мемлекет екендігі мәжілісте айрықша айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан халқы Ассамблеясы – Елбасы құрған бірегей институт
Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті. Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен жиынға облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық […]
ОҚО-дағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» Елбасының латын әліпбиіне көшу туралы шешіміне қолдау білдірді
Бүгін облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен дөңгелек үстелде латын графикасына көшу процесінде этномәдени бірлестіктердің алдында тұрған міндеттер кеңінен сөз болды. Елбасы Н.Назарбаевтың қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қоюын тарихи әрі […]
Тыныштық бар жерде бақ тұрады
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Төлеби ауданында жастар форумы өтті. Аудандық мәдениет үйінде өткен жиында этносаралық татулықты нығайту, қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайындағы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелері мен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы қаралды. Жиынға облыстық ассамблея […]
Пікір қалдыру